О внесений изменения в решение Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года №174 «Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменения в решение Атырауского городского маслихата от 3 февраля 2014 года №174 «Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы №174 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 27.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2020 93957_471529.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TA003290
- ЭКБ идентификаторы
- 93957
- Редакция идентификаторы
- 93957_471529
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:34
0 Атырау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 3 ақпандағы № 174
«Алушылар санатының тізбесін
және әлеуметтік көмектің шекті
мөлшерлерін бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес және қалалық әкімдіктің қаулысын қарап, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы №174 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2855 болып тіркелген, 2014 жылы 25 наурыз күні «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасының 1 тармағында «100 (жүз)» деген сандар «1500 (мың бес жүз)» деген сандармен ауыстырылсын.