О внесении изменения в решение акима Атбасарского района от 3 марта 2014 года №3 «Об образовании избирательных участков в Атбасарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Атбасарского района от 3 марта 2014 года №3 «Об образовании избирательных участков в Атбасарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №3 «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 10.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2018 110139_381067.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BE005769
- ЭКБ идентификаторы
- 110139
- Редакция идентификаторы
- 110139_381067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:13
0 Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №3 «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысының, Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-13/577 «Ақмола облысы Атбасар ауданының Новоалександровка ауылын және Новоалександровка ауылдық округін қайта атау туралы» қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5704 тіркелген) шешімінің негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №3 «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4053 болып тіркелді, 2014 жылғы 18 сәуірде «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланды) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасындағы 8 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
«8. № 219 сайлау учаскесі. Шекарасы: Бастау ауылы.»
2 2. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
«10».02. 2017жыл Т.Боранбаев