О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 11-1-2/130 «Об утверждении Правил постановки на учет в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан и осуществления загранучреждениями Республики Казахстан контроля за детьми, являющимися гражданами Республики Казахстан, переданными на усыновление иностранцам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 11-1-2/130 «Об утверждении Правил постановки на учет в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан и осуществления загранучреждениями Республики Казахстан контроля за детьми, являющимися гражданами Республики Казахстан, переданными на усыновление иностранцам»
- Атауы (қаз.)
- «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-2/371
- Қабылданған күні
- 23.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2017 115010_240323.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015817
- ЭКБ идентификаторы
- 115010
- Редакция идентификаторы
- 115010_240323
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:04
0
«Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11240 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев______________
2017 жылғы 31 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
К. Мәсімов_______________
2017 жылғы 6
қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасының м.а.
Г. Керімханова_____________
2017 жылғы 24 тамыз
7 Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 23 тамыз
№ 11-1-2/371 бұйрығына
қосымша
Шетелдіктер асырап алған
Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылатын балаларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер
министрлігінде есепке қою және
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің
бақылауды жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Индекс: 1-БА
Мерзімділігі: ай сайын
Ұсынады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті
Нысан ұсынылатын орын: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін
Консулдық есепке алу №
Баланың асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Баланың туған күні, жері
Ата-анасының асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болған кезде), азаматтығы
Асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекен-жайы
Баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Асырап алушылардың Т.А.Ә. (бар болған кезде), азаматтығы
Асырап алушылардың тұрғылықты мекенжайы
Асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы
Баланың паспортын жасаған ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Орындаушы: ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы)
«Балаларды есепке алу журналы» нысанын толтыру бойынша түсініктеме