Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 июня 2015 года № 111-876 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности города Астаны»

Қаулы · № 111-1154 · қабылданған 02.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-111-876/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 июня 2015 года № 111-876 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности города Астаны» Күшін жойған Қаулы ·№ 111-1154 ·02.06.2017
06.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 июня 2015 года № 111-876 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности города Астаны»

Күшін жойған Қаулы ·№ 111-1154 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 июня 2015 года № 111-876 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 111-876 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
111-1154
Қабылданған күні
02.06.2017
Көрсетілген редакция
06.03.2018 112795_325761.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G171111154A
ЭКБ идентификаторы
112795
Редакция идентификаторы
112795_325761
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:56

0 «Астана қаласының Кәсіпкерлік

және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 3 маусымдағы № 111-876
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, «Хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 232 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 111-876 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 919 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымдағы № 69 (3274) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 27 маусымдағы № 69 (3292) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақта:
10) тармақша алынып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) заңды тұлғалардың түрлі-түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті бастағандығы немесе тоқтатқандығы туралы хабарламаларды қабылдау;»;
мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
20) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат беру.».

2

2. «Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы