Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 18-03/1058 «Об утверждении Методики определения размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»

Бұйрық · № 453 · қабылданған 07.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-18-031058-ekb-127509/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 18-03/1058 «Об утверждении Методики определения размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира» Қолданыста Бұйрық ·№ 453 ·07.11.2018
07.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 18-03/1058 «Об утверждении Методики определения размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»

Қолданыста Бұйрық ·№ 453 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 декабря 2015 года № 18-03/1058 «Об утверждении Методики определения размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
07.11.2018
Көрсетілген редакция
07.11.2018 127509_381613.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017974
ЭКБ идентификаторы
127509
Редакция идентификаторы
127509_381613
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:42

0

«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12888 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жануарлар дүниесі объектілеріне келтірілген зиян мөлшерін есептеу»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N,
мұнда:
У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын жануарларды заңсыз алу немесе жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері;
Т – АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;
К, Ко, Кн, Кк, Кв - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;
N – жануарлар дүниесі объектілерінің нақты түрі дарақтарының немесе килограмының (балық бойынша) мөлшері.
4. Жануарлар дериваттарын немесе балықты және оның өнімдерін заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
У = Т x Кд x N, мұнда:
У – жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері (АЕК);
Т – АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық және оның өнімдері бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;
Кд – осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;
N – жануарлар дериваттарының саны.»;
қайта есептеу коэффициенттерінің мәні осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы
№ 453 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану саласындағы
заңнамасын бұзудан келтірілген
зиянның орнын толтыру мөлшерін
айқындау әдістемесіне қосымша
Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні

Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­ріне зи­ян кел­ті­ру­ге түрт­кі болған мән-жай­лар
Ко­эф­фи­ци­ент­тер мәні
1.
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін қа­са­қа­на жою, оның ішін­де:
1.1
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін заң­сыз алу (ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды қо­с­па­ған­да):
ере­сек жа­ну­ар (ба­лық­тар үшін – кә­сіп­ші­лік мөл­шер)
төл (ба­лық­тар үшін – кә­сіп­ші­лік емес мөл­шер)
Ко­эф­фи­ци­ент
«К»
1,5
1
1.2
Рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­да жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін заң­сыз алу
Ко­эф­фи­ци­ент
«Ко»
3
2.
Жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін абай­сызда жою:
ере­сек жа­ну­ар (ба­лық­тар үшін – кә­сіп­ші­лік мөл­шер)
төл (ба­лық­тар үшін – кә­сіп­ші­лік емес мөл­шер)
Ко­эф­фи­ци­ент «Кн»
1,5
1
3.
Си­рек кез­де­се­тін және құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген жа­ну­ар­лар түр­ле­рі­нің тіз­бе­сіне (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қы­зыл кі­та­бы­на) ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі объ­ек­ті­ле­рін неме­се алу­ға тый­ым са­лын­ған жа­ну­ар­лар­ды жою
Ко­эф­фи­ци­ент «Кк»
3
4.
Жа­ну­ар­лар де­ри­ват­та­рын неме­се ба­лық­ты және оның өнім­де­рін заң­сыз са­тып алу, сақ­тау, өт­кі­зу, әке­лу, әке­ту, жө­нел­ту, та­сы­мал­дау:
ере­сек жа­ну­ар
төл
Ко­эф­фи­ци­ент «Кд»
1,5
0,5
5.
Ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де аң аулау объ­ек­ті­ле­рі­нің қа­са­қа­на неме­се нем­құ­рай­лы­лық­тан жой­ы­луы­на (өлу­іне) түрт­кі болған әре­кет (әре­кет­сіз­дік):
ере­сек жа­ну­ар
төл
Ко­эф­фи­ци­ент «Кв»
1
0,5

Қолданыстағы