О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 184/6 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2015 - 2016 учебный год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 184/6 «Об утверждении государственного образовательного заказа на 2015 - 2016 учебный год»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 184/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/1
- Қабылданған күні
- 12.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2016 98032_81899.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0004902
- ЭКБ идентификаторы
- 98032
- Редакция идентификаторы
- 98032_81899
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:12
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
«2015 - 2016 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын
бекіту туралы» № 184/6 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 184/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелді, 2015 жылғы 8 тамызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 58-жолдағы «50» деген сандар «60» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 86-жолдағы «75» деген сандар «94» деген сандармен ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орындарында орналастыруды;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.