О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 марта 2015 года № 185 «Об утверждении Правил отнесения юридических лиц к градообразующим и ведения их перечня»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 марта 2015 года № 185 «Об утверждении Правил отнесения юридических лиц к градообразующим и ведения их перечня»
- Атауы (қаз.)
- «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 25.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 204926_739027.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035534
- ЭКБ идентификаторы
- 204926
- Редакция идентификаторы
- 204926_739027
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:18
0 «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға заңды тұлғаны Қала құраушы тұлғалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу бойынша ұсыныстарды және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол туралы ақпаратты береді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тізбеге өзгерістер ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін жылына бір рет енгізіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 112
Бұйрыққа қосымша
Заңды тұлғаларды қала
құраушыға жатқызу және
олардың тізбесін жүргізу
қағидаларына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/ economy/activities/198?lang=ru интернет-ресурста орналастырылған
Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ҚК-1
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20___жылғы ____________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 тамызға дейін.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН):
Жинау әдісі: электронды түрде
Қазақстан Республикасының қала құраушы заңды тұлғалары бойынша ақпарат
№
Облыс/қала
Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды
Қала құраушы кәсіпорынның атауы
БСН
1
2
3
4
5
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ___________________________________ _______________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
______________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
0.1 Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
«Заңды тұлғаларды қала
құраушыға жатқызу және
олардың тiзбесiн жүргiзу
қағидалары» нысанына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу қағидалары» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2 2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
3 3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
4 4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
5 5. Нысанның 2-бағанында облыс/қала көрсетіледі;
6 6. Нысанның 3-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының коды көрсетіледі;
7 7. Нысанның 4-бағанында қала құраушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі;
8 8. Нысанның 5-бағанында қала құраушы кәсіпорынның БСН көрсетіледі.
Нысанды осылай толтыру схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.