Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 192/6 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения»

Қаулы · № 351/6 · қабылданған 11.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-1926/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 192/6 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения» Күшін жойған Қаулы ·№ 351/6 ·11.10.2018
27.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 192/6 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения»

Күшін жойған Қаулы ·№ 351/6 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 192/6 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача разрешения на размещение наружной (визуальной) рекламы на объектах стационарного размещения рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
351/6
Қабылданған күні
11.10.2018
Көрсетілген редакция
27.10.2020 125958_488340.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18P0006113
ЭКБ идентификаторы
125958
Редакция идентификаторы
125958_488340
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:56

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде,
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»
№ 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 192/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы « 11 » қазандағы
№ 351/6 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 192/6 қаулысымен
бекітілді
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде,
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3 3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 529 бұйрығымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдау сәтінен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарастыруға құжаттарды тапсырады − 15 (он бес) минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттар мен өтінішті қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына жібереді − 30 (отыз) минут;

3 3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы өтінішті және ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырады, жауапты маманды анықтайды және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің маманына жібереді − 1 (бір) сағат;

4

4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы паспортты беру үшін қажетті құжаттар немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді − 3 (үш) жұмыс күн.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді − 1 (бір) жұмыс күн;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жібереді − 15 (он бес) минут;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді − 15 (он бес) минут.

6 6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын қою;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасын қою;

4 4) паспортты, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты немесе өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды ресімдеу және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

5 5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;

6 6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында (кестеде) келтірілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік корпорацияға жүгінудің тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш береді;
құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға, Мемлекеттік корпорация қызметкері стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, жеке өзі келген кезде қолын қойғызу арқылы және жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша немесе уәкілетті өкілдің: өкілеттігін растайтын заңды тұлғаның; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлғаның құжатын ұсыну бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері өтінішті тіркеген сәттен бастап стандарттың 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

10 10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:

Мемлекеттік корпорация қызметкері 15 (он бес) минут көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін ақпараттық жүйе арқылы жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут өтінішті қабылдау сәтінен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды қарастыруға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ұсынылған құжаттар мен өтінішті қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (бір) сағат өтініш пен ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырады, жауапты маманды анықтайды және көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің маманына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы 3 (үш) жұмыс күн паспортты беру үшін қажетті құжаттар немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күн өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
Мемлекеттік корпорация қызметкері 15 (он бес) минут мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

11 11. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету алу үшін қызмет алушының порталда ЖСН/БСН және паролін енгізу (авторизация процесі);
көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтармен байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету таңдап алуы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне электрондық түрде стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын расталмауына байланысты сұратып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы автоматтандырылған жұмыс орнындағы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзіне көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалды) жолдау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының деректеріне бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
көрсетілген қызметті берушінің осы регламенттің 5-тармағында көзделген рәсімдері (іс-қимылдары);
көрсетілетін қызметті алушымен порталда құрастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сын қолдану арқылы қалыптастырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап − 5 (бес) жұмыс күн.
Ақпараттық жүйелердің портал арқылы функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

12

12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сиппатау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

41 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты
орналастыру объектілерінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы
рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
Процестің іс-қимылы
1
Іс-қи­мыл­дың (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­мы­ның) №
1
2
3
4
5
6
2
Бір­лік­тер ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың ата­уы және оның си­патта­ма­сы
Өті­ніш­ті қа­был­дау және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қа­рас­ты­ру­ға құ­жат­тар­ды жі­бе­ру
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар мен өті­ніш­ті қа­рас­ты­ру және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы­на жі­бе­ру
Өті­ніш пен ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рас­ты­ру, жа­у­ап­ты ма­ман­ды анық­тау және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің ма­ма­ны­на жі­бе­ру
Пас­порт­ты бе­ру үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­ды, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты неме­се өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді жа­з­ба­ша бас тар­ту­ды дай­ын­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на жі­бе­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне қол қою
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін тір­кеу
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
Өті­ніш­ті тір­кеу
Бұ­ры­шта­ма­сын қою
Бұ­ры­шта­ма­сын қою
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін қа­лып­та­сты­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру
5
Орындау мерзімі
15 (он бес) минут
30 (отыз) минут
1 (бір) сағат
3 (үш) жұмыс күн;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталған жағдайда – 1 (бір) жұмыс күн
15 (он бес) минут
15 (он бес) минут

42 Портал арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

«Облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген
белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Портал арқылы ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
Шартты белгілер:

43 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы