О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 193/6 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением «Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 193/6 «Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением «Управление строительства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 193/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 285/5
- Қабылданған күні
- 22.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2020 115482_488338.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005641
- ЭКБ идентификаторы
- 115482
- Редакция идентификаторы
- 115482_488338
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:49
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
«Павлодар облысының
құрылыс, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі көрсететін мемлекеттік
қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» № 193/6 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсететін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 193/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру»;
«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің 1-тармағында «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» сөздері «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.