Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 257 «О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней

Бұйрық · № 635 · қабылданған 09.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-257/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 257 «О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней Күшін жойған Бұйрық ·№ 635 ·09.12.2015
20.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 257 «О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней

Күшін жойған Бұйрық ·№ 635 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 257 «О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней
Атауы (қаз.)
«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
635
Қабылданған күні
09.12.2015
Көрсетілген редакция
20.02.2018 97023_303874.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012614
ЭКБ идентификаторы
97023
Редакция идентификаторы
97023_303874
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:12

0 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10989 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған мемлекеттік кірістер органында төленеді (өндіріп алынады).
Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеушілер екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеуге төлем құжаттарында төлеушілер тауар шығару жүргізілетін мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсетеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші Салық кодексінің 599, 601 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жүргізуге салықтық өтінішпен кедендік декларациялау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру жүзеге асырылған, алдын ала шешім қабылданған мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органына жүгінеді.»;
12-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы банктің өтініші бойынша Салық кодексінің 601-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару қайтару жүргізеді.»;
қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д.Е.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қолданыстағы