Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Кентау от 3 февраля 2015 года № 26 «Об утверждении положении аппаратов акима села»

Қаулы · № 44 · қабылданған 16.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-26-ekb-99721/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Кентау от 3 февраля 2015 года № 26 «Об утверждении положении аппаратов акима села» Күшін жойған Қаулы ·№ 44 ·16.02.2016
09.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Кентау от 3 февраля 2015 года № 26 «Об утверждении положении аппаратов акима села»

Күшін жойған Қаулы ·№ 44 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Кентау от 3 февраля 2015 года № 26 «Об утверждении положении аппаратов акима села»
Атауы (қаз.)
«Ауыл әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы» Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44
Қабылданған күні
16.02.2016
Көрсетілген редакция
09.06.2016 99721_89537.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16UC003611
ЭКБ идентификаторы
99721
Редакция идентификаторы
99721_89537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:29

0 «Ауыл әкімі аппараттарының

ережелерін бекіту туралы» Кентау
қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
3 ақпандағы №26 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 26 «Ауыл әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3045 тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпанда «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген «Кентау қаласы әкімдігінің «Қарнақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 тармақтың 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«64) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген, ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады.».
16 тармақ мынадай мазмұндағы 69), 70), 71) және 72) тармақшалармен толықтырылсын:
«69) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
70) ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
71) қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
72) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.»;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілген «Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 тармақтың 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«64) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген, ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады.».
16 тармақ мынадай мазмұндағы 69), 70), 71) және 72) тармақшалармен толықтырылсын:
«69) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
70) ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
71) қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
72) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.»;
көрсетілген қаулының 3 қосымшасына сәйкес бекітілген «Кентау қаласы әкімдігінің «Хантағы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 тармақтың 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«64) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген, ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады.».
16 тармақ мынадай мазмұндағы 69), 70), 71) және 72) тармақшалармен толықтырылсын:
«69) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
70) ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
71) қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
72) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.»;
көрсетілген қаулының 4 қосымшасына сәйкес бекітілген «Кентау қаласы әкімдігінің «Ащысай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 тармақтың 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«64) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген, ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады.».
16 тармақ мынадай мазмұндағы 69), 70), 71) және 72) тармақшалармен толықтырылсын:
«69) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
70) ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
71) қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
72) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.».

2 2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы