О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 3 июня 2015 года № 26 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и туризма Кызылординской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 3 июня 2015 года № 26 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и туризма Кызылординской области"
- Атауы (қаз.)
- "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 428
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 101477_122663.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005468
- ЭКБ идентификаторы
- 101477
- Редакция идентификаторы
- 101477_122663
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 «Қызылорда облысының
кәсіпкерлік және туризм
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту
туралы» Қызылорда облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
3 маусымдағы № 26
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5033 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28.»;
16-тармақта:
1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 33) тармақшалары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
5) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;»;
«8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;»;
«33) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;
7), 9) және 31), 32) тармақшалары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
33-2) өз құзіреті шегінде азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;».