Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 3 июня 2015 года № 26 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и туризма Кызылординской области"

Қаулы · № 428 · қабылданған 07.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-26/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 3 июня 2015 года № 26 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и туризма Кызылординской области" Күшін жойған 19.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 3 июня 2015 года № 26 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и туризма Кызылординской области"

Күшін жойған Қаулы № 428 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 3 июня 2015 года № 26 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и туризма Кызылординской области"
Атауы (қаз.)
"Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
428
Қабылданған күні
07.04.2016
Көрсетілген редакция
19.05.2016 101477_122663.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16L0005468
ЭКБ идентификаторы
101477
Редакция идентификаторы
101477_122663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қызылорда облысының

кәсіпкерлік және туризм
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту
туралы» Қызылорда облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
3 маусымдағы № 26
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5033 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28.»;
16-тармақта:
1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 33) тармақшалары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
5) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;»;
«8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;»;
«33) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;
7), 9) және 31), 32) тармақшалары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
33-2) өз құзіреті шегінде азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;».

2. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.