О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 3 декабря 2015 года № 364 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 3 декабря 2015 года № 364 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области технической инспекции»
- Атауы (қаз.)
- «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 364 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 16.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 105056_471814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003791
- ЭКБ идентификаторы
- 105056
- Редакция идентификаторы
- 105056_471814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:45
0 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы
3 желтоқсандағы № 364 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №364 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3502 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 6-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақта:
1)-тармақшасындағы «халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-ХҚО)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация) деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақшасындағы «www.elicense.kz» деген сөздер алынып тасталсын;
бүкіл мәтіні бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен», «орталыққа», «орталықтың», «орталық» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорациямен», «мемлекеттік корпорацияға», «мемлекеттік корпорацияның», «мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Д.А.Сатыбалды
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
К.Н.Меңдебаев