О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 июля 2015 года № 437 "О распределении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием по специальностям на 2015-2016 учебный год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 июля 2015 года № 437 "О распределении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием по специальностям на 2015-2016 учебный год"
- Атауы (қаз.)
- "2015-2016 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 437 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 452
- Қабылданған күні
- 15.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2016 105549_Some(106600).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014111
- ЭКБ идентификаторы
- 105549
- Редакция идентификаторы
- 105549_Some(106600)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:22
0 «2015-2016 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 437 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «2015-2016 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11577 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2015-2016 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2015-2016 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2015-2016 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2015-2016 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«2. Гуманитарлық ғылымдар» деген бөлімде:
«
6М020200
Халықаралық қатынастар
50
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6М0020200
Халықаралық қатынастар
51
»;
«6. Жаратылыстану ғылымдары» деген бөлімде:
«
6М060700
Биология
102
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6М060700
Биология
101
».
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.