Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 «Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия»

Бұйрық · № 276 · қабылданған 03.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-445-ekb-124094/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 «Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия» Күшін жойған Бұйрық ·№ 276 ·03.07.2018
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 «Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 276 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 «Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия»
Атауы (қаз.)
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
276
Қабылданған күні
03.07.2018
Көрсетілген редакция
01.07.2023 124094_639165.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017270
ЭКБ идентификаторы
124094
Редакция идентификаторы
124094_639165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:49

0 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және Заңда белгіленген мөлшерде оны алуға құқық туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңіне төленеді.
Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айын қоса алғанға дейін төленеді.
Жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда жәрдемақы төлеу кеткен айын қоса алғанға дейін жүргізіледі.»;
6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Заңның 4-бабының
1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 223 Қағидалар)
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын
мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық шешім жобасымен қоса ұсынылған құжаттармен ЭІМ-ні дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық туындаған күннен бастап жүргізіледі.».

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік

он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа
және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау
және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс

күні ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және
3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
_______________ Д. Абаев
2018 жылғы 23 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
________________ С. Жасұзақов
2018 жылғы 17 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2018 жылғы 12 шілде

Қолданыстағы