О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 45 «Об утверждении норм снабжения имуществом для подготовки и содержания служебных животных в Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 45 «Об утверждении норм снабжения имуществом для подготовки и содержания служебных животных в Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42/қе
- Қабылданған күні
- 23.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2022 170083_584979.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22KN000042
- ЭКБ идентификаторы
- 170083
- Редакция идентификаторы
- 170083_584979
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:55
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 45 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары бекітілсін»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
___________________________ Е. Жамаубаев
2022 жылғы «___» _______________________
1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы «23» шілдедегі
№ 42/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Шекара академиясында қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары
Рет
№
Жабдықтау нормасының атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Қолдану
мерзімі
(жыл)
1
Итке арналған ағаш күрке
дана
1 итке
5
2
Қызметтік иттерге арналған жиналмалы вольерлер (қызметтік иттер штатына)
дана
1 итке
10
3
Қызметтік жануарлардың мамандар тобын дайындауға арналған оқу-жаттығу плакаттары (10 плакат)
жиынтық
1 топқа
5
4
Вольерді (тұрақты) тазалауға арналған щетка
дана
1 басқа
1
5
Вольерді жинауға арналған металл қалақ
дана
1 итке
2
6
Вольерді (тұрақты) жинауға арналған қалақ күрек (үшкір)
дана
1 басқа
2
7
Жалаушалар жиынтығы
жиынтық
1 топқа
3
8
Жергілікті жерді, үй-жайларды, көлік құралдарын тінтуге арналған оқу-жаттығу жиынтығы
жиынтық
1 топқа
3
9
Іздеу жұмыстарына арналған оқу-жаттығу жиынтығы (іздестіру иттері үшін)
жиынтық
1 топқа
3
10
Заттарды үлестірусіз сұрыптауға арналған оқу-жаттығу жиынтығы
жиынтық
1 топқа
3
11
Итке арналған броньды кеудеше (шабуылдаушы иттер үшін)
дана
2 топқа
8