Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 71 "Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности"

Бұйрық · № 296 · қабылданған 30.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-71-ekb-105005/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 71 "Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности" Қолданыста Бұйрық ·№ 296 ·30.06.2016
30.06.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 71 "Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности"

Қолданыста Бұйрық ·№ 296 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2015 года № 71 "Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности"
Атауы (қаз.)
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
296
Қабылданған күні
30.06.2016
Көрсетілген редакция
30.06.2016 105005_124042.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013997
ЭКБ идентификаторы
105005
Редакция идентификаторы
105005_124042
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:32

0 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10401 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:
«Инжинирингтік қызметтерді ұйымдастыру» деген 2-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы техникалық қадағалауды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы