Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 3 марта 2015 года № 78 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год»

Қаулы · № 432 · қабылданған 20.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015-no-78-2015/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 3 марта 2015 года № 78 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год» Күшін жойған Қаулы ·№ 432 ·20.11.2015
01.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 3 марта 2015 года № 78 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год»

Күшін жойған Қаулы ·№ 432 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 3 марта 2015 года № 78 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2015 год»
Атауы (қаз.)
«2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
20.11.2015
Көрсетілген редакция
01.02.2016 95864_51644.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004617
ЭКБ идентификаторы
95864
Редакция идентификаторы
95864_51644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:32

0 «2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3-1/671 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 78 «2015 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының 4-қосымшасына сәйкес бекітілген мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Жұмағазиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 432 қаулысына 1-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына 3-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия көлемдері

Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидиялар көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидиялар сомасы, мың теңге
1
Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
7 365
147 300
2
Етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
49 380
888 840
3
Ұлттық қордан етті бағыттағы тұқымдық түрлендірумен қамтылған мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу *
бас
3 239
58 305
4
Сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдың аналық мал басына асыл тұқымдық және селекциялық жұмысты жүргізу
бас
2 916
58 320
5
Аналық қой басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
бас
140 000
210 000
6
Қоғамдық табындарда етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды аталық бұқаларды күтіп-бағу
бас
1 393
144 872
7
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру
бас
9 799
48 995
8
Етті өнімділік бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан
бас
х
х
асыл тұқымды селекциялық мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
326
34 224
9
Сүтті өнімділік бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
бас
х
х
асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінгенді қоса есептегенде)
бас
148
17 464
10
Отандық асыл тұқымды мүйізді ірі қара малды сатып алу
бас
2 228
331 733
11
Асыл тұқымды малдарды сатып алу, оның ішінде:
бас
х
х
қойлар
бас
4 500
36 000
жылқылар
бас
450
18 000
БАРЛЫҒЫ:
бас
х
1 994 053
Ескерту:
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат

6 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 432 қаулысына 2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 78 қаулысына 4-қосымша
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидия көлемдері

Өнімдердің атауы
Өлшем бірлік
2015 жылға субсидия көлемдері
субсидияланатын көлем
субсидия сомасы, мың теңге
1
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
2 804,1
841 230
2-деңгей
тонна
120,1
20 417
3-деңгей
тонна
237,3
23 730
2
Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
тонна
6 222,2
609 776
3
Қой еті өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
63,27
12 654
2-деңгей
тонна
13,4
1 338,5
4
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
тонна
200
18 400
5
Сүт өндірісінің құнын арзандату, оның ішінде:
тонна
х
х
1-деңгей
тонна
4 961,4
124 035
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
3 590
124 761,3
2-деңгей
тонна
891,5
13 372,5
3-деңгей
тонна
566,4
5 664
6
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
тонна
100,75
6 045
7
Құс еті өндірісінің құнын арзандату: 3-деңгей
тонна
425
21 250
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
тонна
400
26 858
8
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: 1-деңгей
мың дана
69 000
207 000
Субсидия нормативін 50% дейін өсіру есебінен **
мың дана
23 000
94 045
9
Бұқашықтарды субсидиялаудың 1-деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу
бас
1 542
37 008
10
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату
бас
х
657 996
11
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
17 151,3
128 635
12
Шошқа шаруашылығына мал азығының құнын арзандату *
тонна
6 008
45 060
Барлығы:
х
х
3 019 275,3
Ескерту:
* - Қазақстан Республикасы Ұлттық қордан бөлінген қаражат
** - Өсімдік шаруашылығының бағдарламалары бойынша
бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен субсидия нормативтерін өсіру

Қолданыстағы