Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении размера черты бедности на 3 квартал 2015 года

Бұйрық · № 499 · қабылданған 22.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2015/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об определении размера черты бедности на 3 квартал 2015 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 499 ·22.06.2015
18.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера черты бедности на 3 квартал 2015 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 499 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера черты бедности на 3 квартал 2015 года
Атауы (қаз.)
2015 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
499
Қабылданған күні
22.06.2015
Көрсетілген редакция
18.09.2015 91324_39563.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011513
ЭКБ идентификаторы
91324
Редакция идентификаторы
91324_39563
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:28

0 2015 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалсын.

2. «2015 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 131 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10517 болып тіркелген және 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 66 (27942) «Казахстанская правда» газетінде, 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 66 (28544) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы