Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2016 года № 108-863 «Об утверждении Правил организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны»

Қаулы · № 503-614 · қабылданған 20.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2016-no-108-863/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2016 года № 108-863 «Об утверждении Правил организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны» Қолданыста Қаулы ·№ 503-614 ·20.05.2019
20.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2016 года № 108-863 «Об утверждении Правил организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны»

Қолданыста Қаулы ·№ 503-614 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2016 года № 108-863 «Об утверждении Правил организации автостоянок (автопарковок) на территории города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
503-614
Қабылданған күні
20.05.2019
Көрсетілген редакция
20.05.2019 131849_407244.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19A0001228
ЭКБ идентификаторы
131849
Редакция идентификаторы
131849_407244
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:52

0 «Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы

3 мамырдағы № 108-863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығының 1-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 108-863 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1021 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырдағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының атауында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшасында «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларына қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.А. Тұрлыбекке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2019 жылғы 20 мамырдағы
№ 503-614 қаулысына
қосымша
Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 41-1 тармақпен толықтырылсын:
«41-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған машиналарды, мотоциклдердi және өзге де көлiк құралдарын (оның iшiнде суда жүзетiн және ұшатын аппараттарды), сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын арнайы аялдауларда (алаңдарда) сақтауға рұқсат етіледі.»;
44-тармақтың 1) тармақшасында:
«сот санкциясы» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қаулылары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 49-1, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 тармақтармен толықтырылсын:
«49-1. Заттай дәлелдемелер болып танылған көлік құралдарын, сондай-ақ тыйым салынған көлiк құралдарын қабылдау және беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;
«56. Жеткізген (эвакуацияланған немесе ұсталған) көлік құралын арнайы аялдауда (алаңда) қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.
Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді. Көлік құралдарын үзіліс кезінде беруге тыйым салынады.
57. Арнайы аялдаулардағы (алаңдардағы) көлік құралдарының саны арнайы аялдаудың (алаңның) жобалық қуатымен көзделген мөлшерден аспауға тиіс.
58. Арнайы аялдауларға (алаңдарға) кіреберіс аялдаудың (алаңның) қызмет түрі көрсетіліп, арнайы аялдаудың (алаңдардың) орналасқан жерін көрсететін арнайы белгілермен жабдықталуы тиіс.
59. Арнайы аялдауларды (алаңдарды) пайдалану өрт сөндіру, санитарлық, құрылыс нормаларының және осы Қағиданың талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
60. Арнайы аялдауларда (алаңдарда) мынадай ақпарат болуға тиіс:
1) уәкілетті ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефондары берілген ақпарат;
2) осы Қағиданың көшірмесі;
3) арнайы аялдаудың (алаңның) жұмыс тәртібі;
4) арнайы аялдау (алаң) қызметкерлерінің (аты-жөні, тегі көрсетілген) кезекшілік кестесі;
5) өрт-техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқама журналы;
6) арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметін реттейтін өзге де құжаттар.
61. Арнайы аялдаулардың (алаңдардың) жұмысын ұйымдастыруды арнайы аялдаулардың (алаңдардың) қызметкерлері ғана жүзеге асыруы тиіс.
62. Материалдық залалмен байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.».

Қолданыстағы