Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 3 мая 2016 года № 209 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп»

Қаулы · № 253 · қабылданған 31.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2016-no-209/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 3 мая 2016 года № 209 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп» Күшін жойған Қаулы ·№ 253 ·31.05.2018
11.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 3 мая 2016 года № 209 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп»

Күшін жойған Қаулы ·№ 253 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 3 мая 2016 года № 209 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выписка из государственного реестра туристских маршрутов и троп»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 209 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
253
Қабылданған күні
31.05.2018
Көрсетілген редакция
11.02.2020 122602_443711.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18N0007854
ЭКБ идентификаторы
122602
Редакция идентификаторы
122602_443711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:16

0 Әкімдіктің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 209 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 209 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6399 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1110 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12841 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік корпорацияға және өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініштің толтырылуының дұрыстығын және Стандарттың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар топтамасының (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) толықтығын тексереді, 3 (үш) минут:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 2 (екі) минут;
құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті тіркейді, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаса, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғауды құрайтын құпия мәліметтерді алуға қызмет алушыдан жазбаша түрде келісім алады, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді, 5 (бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оларды курьерлік немесе өзге де бұған уәкілетті байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 (бір) күн.
Өтінішті беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, 2 (екі) жұмыс күні;
5) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.»;
көрсетілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Әкімдіктің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 253 қаулысына
қосымша
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы