О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 июня 2016 года № 273 «Об утверждении норм труда финансовых работников Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 июня 2016 года № 273 «Об утверждении норм труда финансовых работников Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 21.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2020 146628_483060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021257
- ЭКБ идентификаторы
- 146628
- Редакция идентификаторы
- 146628_483060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:42
0 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жүмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13873 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлерінің еңбек нормаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы жұмыскерлері еңбек нормаларының «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі жөніндегі жұмыстарға уақыт нормалары» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 54 және 55-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 84-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
84
Қалған операциялар мен «Түзетпе» операциялары бойынша Нысандар альбомының 274-нысанды жеке мемориалдық ордерлерді қалыптастыру және тексеру
бір шартты құжат
0,50
»;
реттік нөмірлері 102 және 103-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
102
Жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты есептеу бойынша жиынтық есеп
бір шартты құжат
1,54
103
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны қалыптастыру және тексеру
бір шартты құжат
2,08
»;
реттік нөмірлері 110, 111, 112 және 113-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
110
4-КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау
бір шартты құжат
2,07
111
4-КБ-Ө нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау
бір шартты құжат
2,07
112
5-ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есепті жасау
бір шартты құжат
2,07
113
5-ДБ-Ө нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есепті жасау
бір шартты құжат
2,07
»;
реттік нөмірі 117-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
117
Мемлекеттік мекемелерде материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының жетіспеушілігі және оны ұрлау туралы есепті жасау
бір шартты құжат
2,15
»;
реттік нөмірлері 136, 137 және 138-жолдар алып тасталсын;
«
Тұрғын үй-коммуналдық көрсетілетін қызметтерден алиментті ұстау
»
деген жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 159 және 160-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 163-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
163
Жеке табыс салығын төлеуге шоттарды жасау
бір шартты құжат
1,07
»;
«
Сауықтыру бойынша жәрдемақыны есептеу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Сауықтыруға арналған жәрдемақыны есептеу
»;
реттік нөмірі 170-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
169
Сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеуге шотты жасау
бір шартты құжат
0,17
»;
«
Демалысқа шыққанда берілетін қаражатты есептеу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Орташа жалақыны есептеу
»;
«
Іссапар төлемдерін есептеу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу
»;
реттік нөмірі 176-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
176
Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге тізімді жасау
бір шартты құжат
1,07
»;
«
Әскери қызметшілердің жол қызметтерін төлеу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Әскери қызметшілердің өз мүлкін жеткізгені үшін ақша төлеу
»;
«
Науқастану парағы бойынша төлемдерді есептеу
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу
»;
реттік нөмірі 204-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
204
Нысандар альбомының 437-нысаны бойынша алиментті өндіріп алу туралы орындаушылық парақты есепке алу кітабына жазба жасау
бір шартты құжат
0,14
».