Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 3 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 415 · қабылданған 11.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2016-no-41-ekb-136008/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 3 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 415 ·11.11.2019
28.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 3 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 415 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 3 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
415
Қабылданған күні
11.11.2019
Көрсетілген редакция
28.08.2020 136008_478523.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NA008752
ЭКБ идентификаторы
136008
Редакция идентификаторы
136008_478523
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:55

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 шешіміне (2016 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Жеңіс күні - 9 Мамыр мереке күні болып табылады.»;
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:»;
мемлекеттік тілде 7-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.»;
7-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы