Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 3 ноября 2016 года № 41 «Об утверждении Правил конвоирования задержанных и лиц, заключенных под стражу, антикоррупционной службой»

Бұйрық · № 65 · қабылданған 27.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2016-no-41/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 3 ноября 2016 года № 41 «Об утверждении Правил конвоирования задержанных и лиц, заключенных под стражу, антикоррупционной службой» Қолданыста Бұйрық ·№ 65 ·27.03.2024
27.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 3 ноября 2016 года № 41 «Об утверждении Правил конвоирования задержанных и лиц, заключенных под стражу, антикоррупционной службой»

Қолданыста Бұйрық ·№ 65 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 3 ноября 2016 года № 41 «Об утверждении Правил конвоирования задержанных и лиц, заключенных под стражу, антикоррупционной службой»
Атауы (қаз.)
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
65
Қабылданған күні
27.03.2024
Көрсетілген редакция
27.03.2024 195072_692238.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034202
ЭКБ идентификаторы
195072
Редакция идентификаторы
195072_692238
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:23

0

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы көлік құралдарынан не қызметтік жеңіл көлік құралдарынан соттардың ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, уақытша ұстау изоляторының (бұдан әрі – УҰИ), тергеу изоляторының (бұдан әрі – ТИ) режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне дейін;»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Ұсталған адамды және күзетпен қамауға алынған адамды соттың ғимараттарында уақытша ұстау бөлмесіне орналастырғаннан кейін айдауылшы оны үнемі қағалайды, оның басқа тұлғалармен (туыстары, қорғаушылары) сөйлесуіне, қандай да бір заттарды қабылдауына немесе беруіне рұқсат етпейді.»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының әкімшілік ғимаратына тұлғаны алып келгеннен кейін, айдауыл басшысы алып келген ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды кезекші бөлімде тіркейді, кететін кезінде шыққаны туралы белгі қояды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айдауыл тек ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес форма бойынша қабылдау-тапсыру журналына тіркеп, арнайы үй-жайлар – тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмеге жеткізу талабын жіберген тергеушіге береді.
Тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмелер ғимараттың бірінші қабатында (шатырасты, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді) орналастырылады, қауіпсіздік жүйелерімен (терезелерінде металл торлары, кезекші бөлімнің мониторына шығарылған бейне-бақылау, нарядты шақыратын дабыл тетігі), сондай-ақ тергеушінің, қорғаушының (қоғамдық өкілдің) жұмыс орнымен, сезікті, айыпталушыға арналған жеке орындармен, тергеу әрекетінің екі қатысушысының, айдауылдың жеке орындарымен жабдықталған болуға тиіс.
Айдауыл басшысы тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмені тексереді, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.
Тергеушінің талабы бойынша айдауылшы өзінің қатысуын қамтамасыз етеді, бұл ретте, айдауылшылар терезелердің, айдауыл басшысы есіктің жанында тұрады.
Жергілікті жерде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде айдауыл басшысы тергеу әрекеттерін жүргізу белгіленген жергілікті жерді (үй-жайды) қарап шығады және оны жүргізетін адамның келісуі бойынша ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қорғау тәртібін белгілейді, айдауылшылар ешқайда кетпестен айдауылмен жүрушілердің қасында болады, қолкісендерді қолданады, әрбір ұсталған адамды және күзетпен қамауға алынған адамды тергеу әрекеттеріне байланысты олардың барлық орын ауыстыруларында еріп жүреді, арнайы көлік құралына отырғызу алдында жеке басын тінтуді жүргізеді.
Тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы тергеуші (анықтау жүргізетін тұлға) айдауылмен алып жүруге берілген өтінімге белгі қояды және оған өзі қол қойып бекітеді.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының ғимаратында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауыл басшысы ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды, арнаулы мекемелерге (УҰИ, ТИ) қайта айдауылдау үшін тергеушіден қабылдап алады.»;
71-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұйымдастыру-бақылау департаменті (Штаб) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы