Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 марта 2017 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 44-7 · қабылданған 09.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2017-no-10-3-ekb-130386/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 марта 2017 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған Ереже ·№ 44-7 ·09.04.2019
13.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 марта 2017 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 44-7 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 марта 2017 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44-7
Қабылданған күні
09.04.2019
Көрсетілген редакция
13.10.2023 130386_661133.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SE005338
ЭКБ идентификаторы
130386
Редакция идентификаторы
130386_661133
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:28

0

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
16-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

16 «16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы мен тізімін ұсыну бойынша, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.»;

17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

17 «17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз тоқсан сайын жол жүру құны мөлшерінде көрсетіледі.»;

Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:

19

«19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оған теңестірілген адамдардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдардың басқа да санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурулар бойынша 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балаларды алып жүретін азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша мына көліктердің бірімен жөнелту станциясынан госпиталдау орнына дейін және кейін теміржол (плацкартты вагон), автомобиль жолушылар көлігімен (таксиден басқа) жүруге мұқтаждығы;».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
______________________ Қ. Ақсақалов
2019 жылғы «___» _____________

Қолданыстағы