Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение городского маслихата от 3 октября 2017 года № 10/116 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»

Ереже · № 22/246 · қабылданған 18.01.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2017-no-10116/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение городского маслихата от 3 октября 2017 года № 10/116 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность» Күшін жойған Ереже ·№ 22/246 ·18.01.2019
13.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение городского маслихата от 3 октября 2017 года № 10/116 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»

Күшін жойған Ереже ·№ 22/246 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение городского маслихата от 3 октября 2017 года № 10/116 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность»
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/116 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қақидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22/246
Қабылданған күні
18.01.2019
Көрсетілген редакция
13.10.2021 128846_542551.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19MA003803
ЭКБ идентификаторы
128846
Редакция идентификаторы
128846_542551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:19

0 Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/116

«Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 3 қазандағы №10/116 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3453 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 қарашада жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бектілсін.

2

2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д. Телегенова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.

4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қалалық мәслихатының

2019 жылғы 18 қаңтардағы
№22/246 шешіміне
қосымша
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды Ақтау қаласының әкімдігі Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілген қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтарды сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы