Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 августа 2017 года № 112 «Об утверждении Методики по формированию показателей, отражающих трудовую миграцию по итогам общегосударственного статистического наблюдения «Анкета выборочного обследования занятости населения»

Бұйрық · № 19 · қабылданған 15.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2017-no-112/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 августа 2017 года № 112 «Об утверждении Методики по формированию показателей, отражающих трудовую миграцию по итогам общегосударственного статистического наблюдения «Анкета выборочного обследования занятости населения» Қолданыста Бұйрық ·№ 19 ·15.09.2021
15.09.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 августа 2017 года № 112 «Об утверждении Методики по формированию показателей, отражающих трудовую миграцию по итогам общегосударственного статистического наблюдения «Анкета выборочного обследования занятости населения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 19 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 августа 2017 года № 112 «Об утверждении Методики по формированию показателей, отражающих трудовую миграцию по итогам общегосударственного статистического наблюдения «Анкета выборочного обследования занятости населения»
Атауы (қаз.)
«Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19
Қабылданған күні
15.09.2021
Көрсетілген редакция
15.09.2021 158709_538485.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024392
ЭКБ идентификаторы
158709
Редакция идентификаторы
158709_538485
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:44

0 «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы»

жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының
2017 жылғы 3 тамыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 112 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15603 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемеде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.»;
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістеме «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың (бұдан әрі – зерттеу) қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру кезіндегі негізгі аспектілер мен әдістерді айқындайды.»;
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелері зерттеу қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.»;
5- тармақ алып тасталсын;
10- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Жеке тұлғаның тұратын жерінің өзгеруі оның соңғы 10 жыл ішіндегі орын алмастыруы бойынша сипатталады. Оларға:
жергілікті жердің типін ескере отырып бір облыс ішінде қоныс аудару;
жергілікті жердің типін ескере отырып басқа облыстан қоныс аудару;
жергілікті жердің типін ескере отырып Қазақстан Республикасы шегінде қоныс аудару;
басқа елден тарихи отанына оралу мақсатында қоныс аудару;
басқа елден босқын ретінде қоныс аудару;
басқа елден еңбекші көшіп-қонушы ретінде қоныс аудару;
басқа елден отбасыны біріктіру үшін қоныс аудару жатады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы