Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 3 ноября 2017 года № 247 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Карагандинской области»

Ереже · № 93 · қабылданған 26.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2017-no-247/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 3 ноября 2017 года № 247 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Карагандинской области» Қолданыста Ереже ·№ 93 ·26.08.2021
26.08.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 3 ноября 2017 года № 247 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Карагандинской области»

Қолданыста Ереже ·№ 93 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 3 ноября 2017 года № 247 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Карагандинской области»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы «Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» № 247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93
Қабылданған күні
26.08.2021
Көрсетілген редакция
26.08.2021 162057_551538.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21K000093M
ЭКБ идентификаторы
162057
Редакция идентификаторы
162057_551538
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:00

0 Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы

«Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» № 247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы «Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне № 247 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4445 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

Нұсқалған бұйрықпен бекітілген Қарағанды облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы әзірлеу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
5-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға)»;
5-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қандастармен мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы