О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 450 «Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 450 «Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 08.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2020 118475_495854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016283
- ЭКБ идентификаторы
- 118475
- Редакция идентификаторы
- 118475_495854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:09
0 «Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 3 шілдедегі № 450
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсына орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_______________ Қ. Қасымов
2018 жылғы 10 қаңтар
0 Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 3 шілдедегі
№ 450 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) кезек күттірмейтін медициналық көмек (бұдан әрі - ККМК) – пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;
2
2) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;
3 3) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек.
2 2-тарау. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі
3 3. Азаматтардың денсаулық жағдайы бұзылған кезде жедел медициналық көмек станциясының (бұдан әрі - ЖМКС) диспетчері «103» пультінде барлық шақыртуларды қабылдайды. Шақырту ЖМКС диспетчерлік қызметіне келіп түскен кезде мынадай деректер белгіленеді:
пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жасы мен жынысы;
пациенттің жай-күйі бойынша деректер мен жазатайым жағдайдың, жарақаттардың немесе аурудың мән-жайы;
мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан орнына жету бойынша бағдарлық деректер.
4 4. Шақыртуларға жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізілетін, ЖМК диспетчері шақыртуды алған сәттен бастап қызмет көрсету үшін ЖМК бригадасына бергенге дейін шақыртуды өңдеу уақыты бес минутты құрайды.
5 5. Жедел медициналық көмекті құрамы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалар көрсетеді.
6 6. ЖМК бригадасы ЖМКС ауысымының аға дәрігеріне бағынады.
7 7. Ауылдық елді мекендерде ЖМК шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМКС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.
8 8. ЖМКС диспетчері қабылдаған шақыртулар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді:
1 1) 1 (бірінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі;
2 2) 2 (екінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
3 3) 3 (үшінші) жеделділік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
4 4) 4 (төртінші) жеделділік санатындағы шақырту – жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.
9 9. 1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМКС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.
10
10. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің (бұдан әрі – МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі) фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.
11 11. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың ЖМКС диспетчерінен шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты:
1-жеделділік санаты – он минутқа дейінгі;
2-жеделділік санаты – он бес минутқа дейінгі;
3-жеделділік санаты – отыз минутқа дейінгі;
4-жеделділік санаты – алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.
12 12. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалары тіркелген халыққа және МСАК қызмет көрсету аймағындағы адамдарға тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді.
13
13. 4 жеделділік санатындағы шақыртулар МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі деңгейіндегі сияқты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-қосымшасының 15-тармағына сәйкес осы көмектің түрін көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдарға (денсаулық сақтау субъектілеріне) немесе жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар тұлғаларға аутсорсингке беру арқылы да көрсетіледі.
14 14. ЖМКС бригадаларының және МСАК жанындағы ЖМК қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төнген кезде шақыртуға қызмет көрсету, аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда ЖМК бригадаларының қызметкерлері рация және (немесе) мобильдік байланыс арқылы диспетчерлік қызметті ЖМКС бригадалары және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелері өмірі мен денсаулығына төнген қауіптер туралы хабардар етеді. Шақыртуға одан әрі қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
15
15. Тексеріп-қарау, аспаптық диагностика, мамандардың консультациясы, осы жағдайлардың себептері көрсетілетін алдын ала диагноздарға сәйкес жүргізілген емдік іс-шаралардың аясында немесе одан кейін пациент жағдайы динамикасының нәтижелері бойынша ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
пациентті стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационар) медициналық ұйымға тасымалдау;
пациентті шақырту орнында қалдыру;
пациентті үйде қалдыру (тұрғылықты жері бойынша).
16 16. Емдеуге жатқызуды қажет етпейтін пациент шақырту орнында немесе үйде қалдырылған жағдайда ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі оған одан әрі жүгіну үшін (тұрғылықты жері немесе бекітілуі бойынша) МСАК ұйымына медициналық ұсыныстар ұсынады.
17
17. Пациент ауырған және учаскелік дәрігердің, фельдшердің немесе ЖМКС не МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі дәрігерінің пациентке белсенді баруы қажет болған, сондай-ақ пациент емдеуге жатқызудан бас тартқан жағдайда ЖМК бригадасының фельдшері немесе дәрігері «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 907 бұйрық) № 110-1/е нысаны бойынша дабыл парағын толтырады.
18 18. ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационарға тасымалдау туралы шешімді қабылдаған жағдайда ЖМКС диспетчерлік қызметі стационардың қабылдау бөлімшесін пациенттің келіп жеткендігі туралы хабардар етеді.
19 19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда оны білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар жақын орналасқан медициналық ұйымға тасымалдау жүзеге асырылады.
20 20. Пациентті стационарға тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікте оны алып жүруге (бір адамнан көп емес) рұқсат етіледі.
21 21. ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері № 907 бұйрықпен бекітілген № 110/е нысаны бойынша шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадасының шақырту картасында пациентті жеткізу уақытын белгілейді.
22 22. Стационарға келуіне қарай ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне № 907 бұйрықпен бекітілген № 114/е нысаны бойынша жедел медициналық көмек станциясының ілеспе парағын тапсырады.
23 23. Пациентті бергеннен кейін ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері ЖМКС диспетчерін шақыртудың аяқталғаны туралы хабардар етеді.
24
24. ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадасының стационардың қабылдау бөлімшесінде болу уақыты жаппай жарақаттанулар, уланулар кезінде жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, оның стационарға келген сәтінен бастап 10 минуттан аспауы (пациентті қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне беруге арналған уақыт) тиіс.
25 25. Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесі жұмысын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдастырады.
26 26. ЖМК бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіне бергеннен кейін мейіргер бірінші кезекте шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндерді алға тарта отырып, келіп түскен пациенттерді топтарға (Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу) бөледі.
27
27. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді.
28 28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (жасыл аймақ) – медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.
екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;
үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.
29 29. Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.
30
30. Үшінші топтың пациенттері қарқынды терапия палатасына келіп түседі, мұнда реаниматолог жедел медициналық жәрдем мамандары жүргізген реанимациялық көмек көрсетуді жалғастырады. Шұғыл операция жасалған жағдайда реаниматолог жалпы наркозды, өңірлік анестезияны, қабылдау бөлімшесінің операция бөлімінің жағдайында жергілікті анестезия жүргізеді, одан әрі пациенттің оянуы үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне тасымалдайды.
31 31. Жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге емделуге жатқызылады.
32
32. Инфекциялық ауруларға қаупі бар пациент жай-күйіне мониторинг жүргізу және науқасты одан әрі қадағалау тәсілін анықтау үшін боксқа орналастырылады. Пациенттер жаппай келіп түскен жағдайда инфекциялық ауруларға күдігі бар пациенттерді дұрыс бөлу үшін (жіті респираторлық вирустық инфекция және ішек аурулары) қарап-тексеру кабинеттерінің бірі инфекциялық бокске қайта бейінделеді.
33 33. Пациентті стационарға емдеуге жатқызған кезде мейіргер № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді.
34
34. Стационарға емделуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК жағдайында емделу туралы нұсқаулықтар береді. Бір уақытта мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне ауру жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге № 907 бұйрықпен бекітілген № 110-1/е нысан бойынша белгі парағын дайындайды.
35
35. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМК бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына дейін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына сәйкес ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық сигналды (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маякты іске қосады.
36 36. Халықтың жүгінуін ескеріп, бір санитариялық автокөлік 10 мың және одан аз халықтың есебінен енгізіледі. Санитариялық автокөлік радиобайланыс және навигациялық жүйемен жабдықталады.
37 37. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадаларымен жедел медициналық көмек көрсету бригадасыны пациент орналасқан жерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін МСАК-тың медициналық көмек ұйымының мамандандырылмаған жеңіл автокөлігін пайдалануды көздейді.
38 38. Облыстық ЖМКС құрылымына ЖМК станциясы, ЖМК күші станциялары санитариялық авиация бөлімшелері кіреді.
39
39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен, жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.
40
40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС шақыртуларды қабылдау және өңдеу бойынша автоматты басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы ЖМК автокөліктеріне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ абоненттермен сөйлесулерді компьютерлік жазып алу және шақырту келіп түскен телефон нөмерлерін автоматты анықтау жүйелерімен жабдықталады. Сөйлесулердің жазбаларын сақтау кемінде 6 ай жүзеге асырылады.
41 41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттармен, медициналық техникамен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
42 42. Төтенше жағдайлар режімінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС:
1
1) «Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына және «Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық қарым-қатынастар шеңберінде әрекет етеді;
2 2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарын жою бойынша ЖМК көшпелі бригадаларын төтенше жағдайлар аймағына жібереді;
3 3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдік-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;
4 4) барлық төтенше жағдайлар туралы ақпаратты шұғыл түрде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Республикалық санитариялық авиация орталығына ұсынады.
1 Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы
Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік)
бригаданың құрамы
1 1. Фельдшерлік бригаданың құрамына:
екі фельдшер
жүргізуші кіреді.
2 2. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына:
дәрігер;
фельдшер;
жүргізуші кіреді.
2 Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі
Санаттың сипаттамасы
Коды
Шақыртудың себебі
1
2
3
1- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін)
Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі
1.1
Есінен тану (кез-келген генез)
1.2
Тыныс алуының тоқтауы
1.3
Жүрек қызметінің тоқтауы
1.4
Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене
1.5
Шок
1.6
Құрысқақ
1.7
Кеуде қуысындағы ауырсыну
1.8
Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған)
1.9
Әртүрлі этиологиядағы психоз
1.
10
Қан кетумен көптеген зақымданулар мен жарақаттар
1.
11
Қан кетумен жарақат
1.
12
Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын)
1.
13
Ауқымды күйік пен үсік
1.
14
Жануарлар мен жәндіктердің шағып алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі)
1.
15
Электрожарақат
1.
16
Қан құсу
1.
17
Асқынулары бар босанулар
1.
18
Бұдан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау
1.
19
Төтенше жағдайлар (жарылыстар, өрттер, су тасқындары және т.б. )
2- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін)
Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі
2.1
Теракт қаупі бар орынында шақырту
2.2
Одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы
2.3
Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары (бронх демікпесі, аллергия, кардиологиялық науқас, улану және басқалар)
2.4
Жүрек ритмінің бұзылуы
2.5
Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок дамуының жоғары қаупі (криз)
2.6
3 жасқа дейінгі балалардағы 38º С жоғары температура
2.7
Жоғары температура жағдайындағы бөртпе
2.8
Қан кетумен оқшауланған жарақат
2.9
Улы заттармен улану
2.
10
Атипиялық аурулар. (жіті коронарлық синдромға күдіктену)
2.
11
Жүкті әйелдердің бас ауруы
2.
12
Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс
3- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін)
Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі
3.1
Қан кетусіз оқшауланған жарақат
3.2
Іштің ауруы (қатты іш)
3.3
Өз бетінше түспейтін жоғары температура
3.4
Бұқаралық іс-шаралар кезіндегі кезекшілік
3.5
Физиологиялық босанулар
3.6
Жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі)
3.7
Балалардағы шектелген күйік пен үсу.
4- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін)
Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі
4.1
Өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
4.2
Терінің және теріастының жіті қабынған аурулары
4.3
Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)
4.4
Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы
4.5
Құсу + тамақтан уланудан туындаған сусыздану белгілерімен сұйық нәжіс
4.6
Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)
4.7
Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы
4.8
Қан аралас несеп
4.9
Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары
4.
10
Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер
4.
11
МСАК немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар
3 Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
1 1. Қабылдау бөлімшесінің екі бөлек қабылдауы болады:
1 1) бірінші – шұғыл емдеуге жатқызу үшін;
2 2) екінші – жоспарлы емдеуге жатқызу үшін.
2 2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін ашық кіреберіс жолдар белгіленеді және медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін пациенттің қабылдау бөлімшесіне ашық кіру (табалдырықтардың болмауы, бос лифттер, ашық есіктер) қамтамасыз етіледі.
3 3. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:
1 1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);
2 2) пациенттерді байқауға арналған пост;
3 3) Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары бар универсалды қарау кабинеттері;
4 4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;
5 5) манипуляциялық бөлме;
6 6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді бөлу палаталары (диагностикалық палаталар);
7 7) қарқынды терапия палатасы (бұдан әрі – ҚТП);
8 8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика және басқа да зерттеулерді жүргізу аймағы;
9 9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;
10 10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор.
4 4. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған аймақ, пациенттерді, алып жүретін адамдарға күту залы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеуге арналған бөлме көзделеді.
5 5. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен жарақтандырылуы тиіс.
6 6. Қабылдау бөлімшесінде аспаптық-зертханалық әдістерге арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар пайдаланылады: шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары.
7 7. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталған.
8 8. Шұғыл түрдегі операцияларға араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталады.
9 9. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.
10 10. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.
4 Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесі
Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың ең төмен тізбесі
АХЖ коды
Фармакологиялық топ/ ХПА
Дәрілік түрі
Өлшем бірлігі
A
Асқазан жолы және зат алмасу
A03
АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараты
A03A
Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препарат
A03AX
Ішек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препарат
Платифиллин
1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2%
ампула
A03B
Итжидек және оның туындылары
A03BA
Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер
A03BA01
Атропин сульфаты
1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
A03F
АІЖ моторикасын ынталандырғыштар
A03FA01
Метоклопрамид
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%
ампула
A07
Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препарат
A07ВА01
Белсенді көмір
250 мг таблетка
таблетка
А07С
Көміртегімен электролиттер
А07СА
Ауызға қолданылатын регидратациялық тұз
Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақ
пакет
A11
Дәрумендер
A11D
B1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану
A11DA
B1 дәрумені
A11DA01
Тиамин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%
ампула
A11G
Аскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда)
A11GA01
Аскорбин қышқылы
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%
ампула
A11H
Басқа да дәрумендер
A11HA02
Пиридоксин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%
ампула
B01AC
Тромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)
B01AC04
Клопидогрел
Қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар
таблетка
B01AC24
Тикагрелор
Қабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалар
таблетка
B
Қан түзу және қан
B01
Антикоагулянттар
B01AB
Гепарин және оның туындылары
B01AB01
Натрий гепарині
5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді
құты
B01AD
Ферментті препараттар
B01AD02
Алтеплаза
50 мг тамырішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтақ
құты
B01AX
Басқа да антикоагулянттар
B01AX05
Натрий фондапаринуксы
2,5 мг/0,5 мл тері астына және тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер
шприц
B02B
K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BX
Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препарат
B02BX01
Этамзилат
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%
ампула
B05
Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05A
Қан препараты
B05AA
Қан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препарат
B05AA05
Декстран
200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%
құты
B05AA06
Сукцинилирленген желатин
500 мл инфузияға арналған ерітінді, 4%
құты
B05AA07
Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)
500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%
құты
B05B
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05BB
Су-электролитты теңгеріміне әсері бар ерітінділер
B05BB01
Натрий хлориді
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%
ампула
B05C
Ирригациялық ерітінділер
B05CB
Тұзды ерітінділер
B05CB01
Натрий хлориді
200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%
құты
B05CX
Басқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01
Декстроза
200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітінді
құты
B05X
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XA
Электролитті ерітінділер
B05XA05
Магний сульфаты
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%
ампула
B05XA07
Кальций хлориді
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10%
ампула
C
Жүрек қантамыр жүйесі
C01
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
C01A
Жүрек гликозидтері
C01AA
Жалбыз гликозидтері
C01AA05
Дигоксин
0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
C01B
I және III санатының аритмияға қарсы препараты
С01ВВ
IВ санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD
III санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD01
Амиодарон
150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділер
ампула
C01C
Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат
C01CA
Адренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA03
Норэпинефрин
2 мг/мл 4 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат
ампула
C01CA04
Допамин
5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%
ампула
C01CA07
Добутамин
250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизат
ампула
C01CA24
Эпинефрин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %
ампула
C01D
Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DA
Органикалық нитраттар
C01DA02
Нитроглицерин
Мөлшерленген тіл асты аэрозольі 0,4 мг/доза 10г
құты
C01DA08
Изосорбид динитраты
1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат
ампула/ құты
C01E
Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
C01EA
Простагландиндер
C01EA01
Алпростадил
20 мкг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат
ампула
C02
Антигипертензивті препараттар
C02C
Перифериялық антиадренергиялық препараттар
C02CA
Альфа-адреноблокаторлар
C02CA06
Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил)
5 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді
ампула
C03
Диуретиктер
C03C
«Ілмек» диуретиктер
C03CA
Сульфонамидті диуретиктер
C03CA01
Фуросемид
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
ампула
C07
Бета-адреноблокаторлар
C07A
Бета-адреноблокаторлар
C07AB
Селективті бета-адреноблокаторлар
C07AB02
Метопролол
1 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді
ампула
C08
Кальций каналдарының блокаторы
C08C
Тамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары
C08CA
Дигидропиридин туындылары
C08CA05
Нифедипин
қаптамамен қапталған 20 мг таблеткалар
таблетка
C09
Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат
C09A
Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA01
Каптоприл
25 мг таблеткалар
таблетка
C09AA02
Эналаприл
1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар;
ампула /таблетка
D
Дерматология
D03
Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D03A
Қалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар
D03AX03
Декспантенол
117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозоль
құты
D08
Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AG
Йод препараттары
D08AG03
Йод
20 мл спиртті ерітінді, 5%
құты
D08AX
Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AX
Бриллиант жасылы
20 мл спиртті ерітінді, 1%
құты
D08AX01
Су тетігінің асқын тотығы
50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%
құты
D08AX08
Этанол
50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%
құты
H
Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H01
Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары
H01B
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
H01BB
Окситоцин және оның аналогтары
H01BB02
Окситоцин
5 БІР/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
H02
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02A
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AB
Глюкокортикоидтар
H02AB02
Дексаметазон
4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
H02AB06
Преднизолон
30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
M
Сүйек-бұлшықет жүйесі
M01
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01A
Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AB
Сірке қышқылы туындылары
M01AB05
Натрий диклофенагы
75 мг/3 мл 3 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
M01AE
Пропион қышқылының туындылары
M01AE01
Ибупрофен
100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия
құты
M01AE03
Кетопрофен
100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула;
ампула/таблетка
M03
Миорелаксанттар
M03A
Шетке әсер ететін миорелаксанттар
M03AB
Холин туындылары
M03AB01
Суксаметоний хлориді
0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
M03AC
Басқа да төрттік аммони қосылыстары
M03AC06
Перифериялы әсер ететін миорелаксанттар, басқа да төрттік аммони қосылыстары (Пипекуроний бромиді)
4 мг ішке енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын лиофильді ұнтақ
құты
N
Жүйке жүйесі
N01
Анестетиктер
N01A
Жалпы жансыздандыруға арналған препарат
N01AH
Апиындық анальгетиктер
N01AH01
Фентанил
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%
ампула
N01AX
Жалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат
N01AX10
Профол
1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия
ампула
N01B
Жергілікті жансыздандыруға арналған препараттар
N01BA
Аминобензол қышқылы эфирлері
N01BA02
Прокаин
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%
ампула
N01BB
Амидтер
N01BB02
Лидокаин
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%
ампула
N02
Анальгетиктер
N02A
Апиындар
N02AA
Апиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01
Морфин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
ампула
N02AB
Фенилпиперидин туындылары
N02AB
Тримеперидин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%
ампула
N02AX
Басқа да апиындар
N02AX02
Трамадол
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %
ампула
N02B
Анальгетиктер және антипиретиктер
N02BA
Салицил қышқылы және оның туындылары
N02BA01
Ацетилсалицил қышқылы
таблетка, 500 мг
таблетка
N02BB02
Анальгетиктер және қызу түсіретін заттар, пиразолон (натрий метамизолы)
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 50%
ампула
N02BE
Анилидтер
N02BE01
Парацетамол
500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл
таблетка/суппозитории /суспензия
N03
Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AG
Май қышқылдарының туындылары
N03AG01
Вальпровтiк қышқыл
100 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
N05
Психолептиктер
N05B
Анксиолитиктер
N05BA
Бензодиазепин туындылары
N05BA01
Диазепам
5 мг/мл 2 мл бұлшықет және тамыр ішілік инъекцияға арналған ерітінді
ампула
R
Тыныс алу жүйесі
R03
Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03A
Тамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03AC
Селективті бета-2-адреномиметиктер
R03AC02
Сальбутамол
100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозоль
құты
R03AK
Антихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер
R03AK03
Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол)
20 мл булауға арналған ерітінді
құты
R03B
Бронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар
R03BА
Глюкокортикоидтар
R03BА02
Будесонид
Тамақты булауға арналған мөлшерленген суспензия
құты
R03D
Жүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар
R03DA
Ксантин туындылары
R03DA05
Аминофиллин
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4%
ампула
R06
Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AA
Аминоалкильді эфирлер
R06AA02
Дифенгидрамин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
ампула
R06AC
Этилендиамин алмастырғыштар
R06AC03
Хлоропирамин
20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
R07
Тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
R07AB
Аммиак
20 мл, 40 мл ерітінді, 10%
құты
V
Басқа да препараттар
V03
Басқа да әртүрлі препараттар
V03AB
Антидоттар
V03AB06
Натрий тиосульфаты
10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%
ампула
V03 АВ15
Налоксон
0,04% инъекцияға арналған ерітінді
ампула
1
Электрлік сорғы
1 дана
*
2
Портативті өкпенің жасанды жетдеткіш аппараты
1 дана
1 дана
3
Оттегі баллоны (2л., 10л.)
1 дана
*
4
Кардиопамп
1 дана
*
5
Насосы бар механикалық сорғыш
1 дана
*
6
Дефибрилляторы бар монитор
1 дана
*
7
Электрокардиограф
1 дана
*
8
Кардиологиялық науқастарды тасымалдауға арналған кардиостимулятор
*
1 дана
9
Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған кувез (15 минуттық жерде перинаталды орталық болмаған кезде)
*
1 дана
10
Перфузор
*
1 дана
№
Атауы
Санитарлық автокөлік үшін
Станция және кіші станция үшін
Жалпы жиынтық
Саны
1
Фонарь
1 дана
1 дана
2
Байланыс құралы (рация)
1 дана
1 дана
3
Өрт сөндіргіш
1 дана
*
4
Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары)
5
Матаны қиюға арналған қайшы
1 дана
*
6
Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут
1 дана
*
7
Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0;5,0;10,0;20,0
Саны – қажеттілігіне қарай
*
8
Бір реттік пайдаланылатын система
Саны – қажеттілігіне қарай
*
9
Стерильденбеген қолғаптар
Саны – қажеттілігіне қарай
*
10
Стерильді қолғаптар
Саны – қажеттілігіне қарай
*
11
Бір реттік пайдаланылатын маска
Саны – қажеттілігіне қарай
*
12
Лейкопластырь
Саны – қажеттілігіне қарай
*
13
Сантиметрлік таспа
1 дана
*
14
Стетоскоп
1 дана
*
15
Фонедоскоп
1 дана
*
16
Тонометр
1 дана
*
17
Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр
1 дана
*
18
Триаждау/іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтар
Саны – қажеттілігіне қарай
*
19
Несептік катетр
1 дана
*
20
Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі
1 дана
1 дана
21
Зәрсауыт
1 дана
*
22
Бір реттік пайдаланылатын ақжайма
1 дана
*
23
Медициналық кленка – 1 метр
1 дана
*
24
Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильді венаішілік канюля (өлшемі 18, 20)
4 дана
*
25
Бір реттік пайдаланылатын, стерильді көбелек тәріздес ине 23,24
2 дана
*
26
Спиртті майлықтар №100
1 бума
*
27
Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар
1 банка
*
Диагностика Триаж (іріктеу)
1
Пульсоксиметр
1 дана
2
Глюкометр (скарификатор-№50)
1 дана
*
3
Неврологиялық балға
1 дана
*
4
Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар
10-нан артық емес дана
*
Реанимация
5
Ларингеальді бетперде
2 дана
*
6
Бұғана асты веналарын катетерлеуге арналған жиынтық
1 дана
*
7
Амбу қабы
1 дана
*
8
Ауа жібергіштер жиынтығы
1 дана
*
9
Ересектер мен балаларға арналған резеңке демалу бетперде
1 жиынтық
*
10
Жиынтықтағы ларингоскоп (3 клинка)
1 жиынтық
*
11
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц – пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары)
1 дана
*
12
Эндотрахеальды түтіктер
3 дана
*
13
Ларингеальды түтіктер
3 дана
*
14
Ауызкергіш
1 дана
*
15
Тілқышқыш
1 дана
*
16
Коникотомиялық жиынтық
1 дана
*
17
Күйікке қарсы көрпе
1 дана
*
Кардиологиялық науқастарға арналған қызметтер
1
ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель
1 дана
*
Жарақаттарға күтім
(Таңу жиынтығы)
1
Дәкелер (стерильді, стерильденбеген)
Саны – қажеттілігіне қарай
*
2
Стерильді мақталар, салфеткалар
1 бума
*
3
Қан тоқтатқыш жгут
1 дана
*
4
Стерильді күйікке қарсы таңғыштар
1 бума
*
5
Күйікке қарсы жергілікті қолдануға арналған заттар (гель, аэрозоль)
1 сауыт
*
6
Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін)
*
*
7
Анатомиялық пинцет
1 дана
*
8
Таңу материалына арналған қайшы
1 дана
*
9
Нелатон катетер
2 дана
*
10
Қан тоқтататын тік, иілген қысқыш
1 жиынтық
*
11
Плевра қуысын құрғатуға арналған жиынтық
1 дана
*
12
Салқындатқыш пакет
1 дана
*
Аяқ-қолдың сынуы кезіндегі иммобилизациялау құралдары
1
Басты ұстап тұруға арналған бекіткіш, бекіту белбеулері бар арқаға арналған қалқан (басты ұстап тұруға арналған бекіткіш, бекіту белбеулері бар арқаға арналған қалқан)
1 дана
*
2
Жиынтықтағы пневмо дөңгелектер
1 дана
*
3
Вакуумды матрас
*
*
4
Мойын жаға
1 дана
*
Бронх обструкциясы кезіндегі көмек
1
Компрессорлық небулайзер
1 дана
*
2
Ингалятор-редуктор
1 дана
*
Акушерлік және неонаталдық қызметтер
1
Жиынтықтағы босандыру пакеті
1 дана
*
2
Кіндікті бастыруға арналған қапсырма
1 дана
*
3
Фоллей катетер
*
1 дана
Шокқа қарсы
1
Инфузиялық шприцті сорғыш
*
1 дана
Пациентке жағдай жасауды қамтамасыз ететін қызметтер
1
Термокөрпе
*
1 дана
2
Бір реттік қолдануға арналған төсек жайма (жиынтық)
1 дана
*
3
Құсыққа арналған пакет
1 дана
*
4
Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған сөмке
*
1 дана
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қызметтер
1
Ескерту белгілері бар арнайы киім
Жиынтық
2
Дулыға (төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсететін бригадалар үшін)
*
3 дана
3
Жиынтықтағы 1 түрдегі обаға қарсы костюм (бір реттік пайдаланылатын)
3 бума
*
4
Жылу шығармайтын контейнер
1 дана
*
5
А класының қалдықтарына арналған пакет
2 дана
*
6
Б класының қалдықтарына арналған пакет
2 дана
*
7
В класының (қауіпті қалдықтар) өткір аспаптарын (бір реттік пайдаланатын) жинауға арналған сыйымдылық контейнері 250 мл
1 дана
*
8
Биоматериалдарды тасымалдауға арналған бикс
*
1 дана
Асқазанды тазалауға арналған жинынтық
1
Бір реттік пайдаланатын Жанэ шприці
3 дана
*
2
Барлық өлшемдердегі бір реттік пайдаланатын асқазан сүңгісі
10 дана
*
Қосымша көрсетілетін қызметтер
1
Белбеулері, алмалы-салмалы зембілдері бар арба-каталка
1 дана
*
2
Жұмсақ зембілдер
1 дана
*
3
Шөмішті зембілдер (ортопедиялық)
*
1 дана
Ескертпе:
*- қажеттіліктің туындауы бойынша қажеттілік