Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 450 «Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи в Республике Казахстан»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-113 · қабылданған 22.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2017-no-450-ekb-134279/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 450 «Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи в Республике Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-113 ·22.08.2019
30.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 450 «Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи в Республике Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-113 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 июля 2017 года № 450 «Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-113
Қабылданған күні
22.08.2019
Көрсетілген редакция
30.11.2020 134279_495858.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019291
ЭКБ идентификаторы
134279
Редакция идентификаторы
134279_495858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:44

0 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабының 1-тармағына 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.»;
38, 39, 40, 41, 42 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Облыстық және қалалық ЖМКС құрамына ЖМК станциясы, ЖМК кіші станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және санитариялық авиация бөлімшелері кіреді.
39.   Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен, ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.
40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ЖМКС шақыруларды қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен, сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушымен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.
41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
42. Төтенше жағдай режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС:
1) «Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және «Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде әрекет етеді;
2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою жөніндегі ЖМК бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;
3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау іс-шараларын өткізеді;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсету үшін жүгінген немесе жеткізілген оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51-тармақтармен толықтырылсын:
«43. Зардап шеккендер саны 3 және одан да көп адам болатын төтенше оқиға кезінде төтенше жағдай орнына бірінші келген ЖМК бригадасы бірінші кезекте медициналық іріктеуді жүзеге асырады.
Медициналық іріктеу (триаж) нәтижелері бойынша ЖМК бригадасы зардап шеккендерді бұдан әрі көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға тасымалдаумен, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
44. Шұғыл медициналық көмек: «Базалық реанимация» - Basic Life Support (BLS), «Кеңейтілген жүрек - өкпе реанимациясы» - Advanced Cardiac Life Support (ACLS), «Педиатриядағы кеңейтілген жүрек - өкпе реанимациясы» - Pediatric Advanced Life Support (PALS), «Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету» - Prehospital Trauma Life Support (PHTLS) жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық танылған стандарттарына оқытудан өткен мамандар көрсетеді. Облыстық және қалалық ЖЖМС базасында шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларының мамандарына практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында симуляциялық кабинеттер ұйымдастырылады.
45. Ауыл халқына жедел медициналық көмек қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жету қиын елді мекендерде (жол жабындыларының болмауы, таулы жер), медициналық көмекке қол жеткізуден алыс учаскелерде облыстық ЖМКС қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылуы мүмкін.
46. Медициналық персоналдың жедел жұмысын қамтамасыз ету, санитариялық автокөлік пен медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында санитариялық автокөлік мынадай кластарға бөлінеді:
А клаcы: емдік-іс-шараларды жүргізуге және медицина персоналдарының алып жүруімен алдын ала болжам бойынша шұғыл емес пациенттерді тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік;
В класы: дәрігерлік (фельдшерлік) бригадалар күшімен жедел медициналық көмектің емдеу іс-шараларын өткізуге, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдауға және жағдайына мониторинг жүргізуге арналған санитариялық автокөлік;
С класы: мамандандырылған бригаданың күшімен реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге, сондай-ақ пациенттерді санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдауға арналған жедел медициналық көмек көлігі (реанимобиль).
47. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы бар бос санитариялық автокөлік жүзеге асырады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдауды қамтамасыз етеді.
48. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатта пайдалануға рұқсат берілмейді. ЖМКС бірінші басшысы осы тармақтың сақталуын қамтамасыз етеді.
49. Санитариялық авиация бөлімшесі санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейде медициналық қызметтер көрсетеді.
Санитариялық авиация бөлімшесінің санитариялық көлігін пайдалану негіздері:
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін) білікті мамандарды жеткізу болып табылады;
мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін аудандық деңгейдегі медициналық ұйымнан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымға пациентті(терді) тасымалдау;
әуе кемесінде жедел өтінімді орындау кезінде пациентті (терді) және санитариялық авиацияның мобильді бригадасын (САМБ) әуежай мен медициналық ұйым арасында санитариялық автокөлікпен тасымалдау;
ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен транспланттау үшін тиісті медициналық ұйымға жеткізу.
50. Санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан медициналық қызметке өтінімді қабылдайды және санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігеріне береді.
51. Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігері:
келіп түскен өтінімді, пациенттің медициналық құжаттамасын зерделейді;
медициналық қызметтің көлемін анықтайды;
пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес САМБ құрамын қалыптастырады;
кейіннен транспланттау үшін білікті мамандарды (САМБ), пациентті (терді), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді, биоматериалдарды санитариялық автокөлікпен тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады.»;
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру»

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы ___ наурыздағы
№_____ бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларына
3-қосымша
«Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру»

1 1. Қабылдау бөлімшесі – пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызуды жүзеге асырылатын медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2 2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін бос кірме жолдар орнатылады және пациенттің медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін қабылдау бөлімшесіне еркін қол жеткізуі (жеткізуі) қамтамасыз етіледі (табалдырықтың болмауы, бос лифтілер, ашық есіктер).

3 3. Бөлімшенің негізгі қызметтері:

тәуліктік режимде шұғыл медициналық көмек көрсету;
пациенттерге триаж-жүйе бойынша іріктеу жүргізу;
төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтермен байланысты ұстау және өзара іс-қимыл жасау;
пациенттердің жаппай түсуіне дайындықты қамтамасыз ету.

4 4. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:

1 1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);

2 2) пациенттерді байқауға арналған пост;

3 3) триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары/кереуеттері бар қарау кабинеттері;

4 4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;

5 5) манипуляциялық бөлме;

6 6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық палаталар);

7 7) қарқынды терапия палатасы(лары) (бұдан әрі – ҚТП);

8 8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;

9 9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;

10 10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор ұйымдастырылады.

5 5. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған, еріп келген адамдардың пациентті күтуге арналған аймағы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеу көзделеді.

6 6. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен/кереуеттермен жарақтандырылуы тиіс. Сырғытқылардың/кереуеттердің жанында мобильдік диагностикалық жабдық орналасқан.

7 7. Қабылдау бөлімшесінде зерттеп-қараудың зертханалық әдістеріне арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар, шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары пайдаланылады.

8 8. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен/кереуеттермен, қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталған.

9 9. Шұғыл түрдегі операциялық араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталады.

10 10. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде түстермен кодтау қолданылады. Іріктеу үшін қарап-тексеру, зерттеп-қарау, емдеу бойынша басымдыққа байланысты қызыл, сары және жасыл түстер қолданылады.

11 11. Зерттеп-қарауды талап етпейтін пациенттер жасыл аймаққа жіберіледі. Қабылдау бөлімінде зерттеп-қарау талап етілетін пациенттер сары аймаққа жіберіледі. Ауыр жағдайдағы пациенттер медициналық іріктеусіз және тіркеусіз тікелей қызыл аймаққа жіберіледі.

12 12. Қызыл аймақта алып жүретін адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

13 13. Зерттеп-қарау және талдау үшін талап етілетін үлгілер (материалдар) пациенттің тұрған жерінде сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті бөлімшелерге жіберіледі.

14 14. Қабылдау бөлімінде биологиялық материалдарды пациенттердің және олардың жақындарының жеткізуіне жол берілмейді.

15 15. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, пациент басқа медициналық ұйымға жіберілмейді.

16 16. Өміріне қауіп төну жай-күйі бар пациенттер басқа медициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.

17 17. Пациент жіберілетін медициналық ұйым пациентті қабылдау және емдеуді кідіріссіз бастау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

18 18. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.

19 19. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.

2 «Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі»

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы ___ наурыздағы
№_____ бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасында
жедел медициналық көмек
көрсету қағидаларына
4-қосымша
«Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі»
Жиналмалы сөмкені жарақтандыру
АХЖ коды
Фармакологиялық топ/ ХПА
Дәрілік түрі
Өлшем бірлігі
A
Асқазан жолы және зат алмасу
A03
АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараты
A03A
Ішек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препарат
A03AX
Ішек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препарат
Платифиллин
1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2%
ампула
A03B
Итжидек және оның туындылары
A03BA
Инжидек алкалоидтары, үштік аминдер
A03BA01
Атропин сульфаты
1 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
A03F
АІЖ моторикасын ынталандырғыштар
A03FA01
Метоклопрамид
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%
ампула
A07
Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препарат
A07ВА01
Белсенді көмір
250 мг таблетка
таблетка
А07С
Көміртегімен электролиттер
А07СА
Ауызға қолданылатын регидратациялық тұз
Ішке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақ
пакет
A11
Дәрумендер
A11D
B1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану
A11DA
B1 дәрумені
A11DA01
Тиамин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%
ампула
A11G
Аскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда)
A11GA01
Аскорбин қышқылы
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%
ампула
A11H
Басқа да дәрумендер
A11HA02
Пиридоксин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%
ампула
B01AC
Тромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)
B01AC04
Клопидогрел
Қабықпен қапталған 300 мг таблеткалар
таблетка
B01AC24
Тикагрелор
Қабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалар
таблетка
B
Қан түзу және қан
B01
Антикоагулянттар
B01AB
Гепарин және оның туындылары
B01AB01
Натрий гепарині
5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді
құты
B01AD
Ферментті препараттар
B01AD02
Алтеплаза
50 мг венаішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтақ
құты
B01AX
Басқа да антикоагулянттар
B01AX05
Натрий фондапаринуксы
2,5 мг/0,5 мл тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінділер
шприц
B02B
K дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BX
Жүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар
B02BX01
Этамзилат
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%
ампула
B05
Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05A
Қан препараты
B05AA
Қан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар
B05AA05
Декстран
200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%
құты
B05AA07
Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)
500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%
құты
B05B
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05BB
Су-электролитты теңгеріміне әсері бар ерітінділер
B05BB01
Натрий хлориді
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%
ампула
B05C
Ирригациялық ерітінділер
B05CB
Тұзды ерітінділер
B05CB01
Натрий хлориді
200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%
құты
B05CX
Басқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01
Декстроза
200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітінді
құты
B05X
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XA
Электролитті ерітінділер
B05XA05
Магний сульфаты
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%
ампула
B05XA07
Кальций хлориді
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10%
ампула
C
Жүрек қантамыр жүйесі
C01
Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
C01A
Жүрек гликозидтері
C01AA
Жалбыз гликозидтері
C01AA05
Дигоксин
0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
C01B
I және III санатының аритмияға қарсы препараты
С01ВВ
IВ санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD
III санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD01
Амиодарон
150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділер
ампула
C01C
Жүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат
C01CA
Адренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA04
Допамин
5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%
ампула
C01CA07
Добутамин
250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизат
ампула
C01CA24
Эпинефрин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %
ампула
C01D
Жүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DA
Органикалық нитраттар
C01DA02
Нитроглицерин
Мөлшерленген тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10г
құты
C01DA08
Изосорбид динитраты
1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентрат
ампула/ құты
C01E
Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
C02
Антигипертензивті препараттар
C02C
Перифериялық антиадренергиялық препараттар
C02CA
Альфа-адреноблокаторлар
C02CA06
Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил)
5 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді
ампула
C03
Диуретиктер
C03C
«Ілмек» диуретиктер
C03CA
Сульфонамидті диуретиктер
C03CA01
Фуросемид
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
ампула
C07
Бета-адреноблокаторлар
C07A
Бета-адреноблокаторлар
C07AB
Селективті бета-адреноблокаторлар
C07AB02
Метопролол
1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітінді
ампула
C08
Кальций каналдарының блокаторы
C08C
Тамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары
C08CA
Дигидропиридин туындылары
C08CA05
Нифедипин
қаптамамен қапталған 20 мг таблеткалар
таблетка
C09
Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат
C09A
Ангиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA01
Каптоприл
25 мг таблеткалар
таблетка
C09AA02
Эналаприл
1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар;
ампула /таблетка
D
Дерматология
D03
Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D03A
Қалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар
D03AX03
Декспантенол
117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозоль
құты
D08
Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AG
Йод препараттары
D08AG03
Йод
20 мл спиртті ерітінді, 5%
құты
D08AX
Басқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AX
Бриллиант жасылы
20 мл спиртті ерітінді, 1%
құты
D08AX01
Су тетігінің асқын тотығы
50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%
құты
D08AX08
Этанол
50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%
құты
H
Жыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H01
Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары
H01B
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
H01BB
Окситоцин және оның аналогтары
H01BB02
Окситоцин
5 БІРЛ./мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
H02
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02A
Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AB
Глюкокортикоидтар
H02AB02
Дексаметазон
4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
H02AB06
Преднизолон
30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
M
Сүйек-бұлшықет жүйесі
M01
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01A
Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AE
Пропион қышқылының туындылары
M01AE01
Ибупрофен
100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензия
құты
M01AE03
Кетопрофен
100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула;
ампула/таблетка
M03
Миорелаксанттар
M03A
Шетке әсер ететін миорелаксанттар
M03AB
Холин туындылары
M03AB01
Суксаметоний хлориді
0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
N
Жүйке жүйесі
N01
Анестетиктер
N01A
Жалпы жансыздандыруға арналған препарат
N01AH
Апиындық анальгетиктер
N01AH01
Фентанил
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%
ампула
N01AX
Жалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат
N01AX10
Профол
1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия
ампула
N01B
Жергілікті жансыздандыруға арналған препараттар
N01BA
Аминобензол қышқылы эфирлері
N01BA02
Прокаин
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%
ампула
N01BB
Амидтер
N01BB02
Лидокаин
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%
ампула
N02
Анальгетиктер
N02A
Апиындар
N02AA
Апиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01
Морфин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
ампула
N02AB
Фенилпиперидин туындылары
N02AB
Тримеперидин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%
ампула
N02AX
Басқа да апиындар
N02AX02
Трамадол
2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %
ампула
N02B
Анальгетиктер және антипиретиктер
N02BA
Салицил қышқылы және оның туындылары
N02BA01
Ацетилсалицил қышқылы
таблетка, 500 мг
таблетка
N02BE
Анилидтер
N02BE01
Парацетамол
500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 мл
таблетка/суппозитории /суспензия
N03
Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AG
Май қышқылдарының туындылары
N03AG01
Вальпров қышқылы
100 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
N05
Психолептиктер
N05B
Анксиолитиктер
N05BA
Бензодиазепин туындылары
N05BA01
Диазепам
5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітінді
ампула
R
Тыныс алу жүйесі
R03
Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03A
Тамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03AC
Селективті бета-2-адреномиметиктер
R03AC02
Сальбутамол
100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозоль
құты
R03AK
Антихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер
R03AK03
Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол)
20 мл булауға арналған ерітінді
құты
R03B
Бронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар
R03BА
Глюкокортикоидтар
R03BА02
Будесонид
Тамақты булауға арналған мөлшерленген суспензия
құты
R03D
Жүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар
R03DA
Ксантин туындылары
R03DA05
Аминофиллин
5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4%
ампула
R06
Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AA
Аминоалкильді эфирлер
R06AA02
Дифенгидрамин
1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%
ампула
R06AC
Этилендиамин алмастырғыштар
R06AC03
Хлоропирамин
20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді
ампула
R07
Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
R07AB
Аммиак
20 мл, 40 мл ерітінді, 10%
құты
V
Басқа да препараттар
V03
Басқа да әртүрлі препараттар
V03AB
Антидоттар
V03AB06
Натрий тиосульфаты
10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%
ампула
V03 АВ15
Налоксон
0,04% инъекцияға арналған ерітінді
ампула
Медициналық бұйымдар

ММБ атауы
Санитариялық көлік үшін
А класы
В класы
С класы
1
Фонарь
+
+
+
2
Байланыс құралы (рация)
+
+
+
3
Өрт сөндіргіш
+
+
+
4
Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары)
+
+
+
5
Матаны қиюға арналған қайшы
+
+
+
6
Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут
+
+
+
7
Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0
+
+
+
8
Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система
+
+
+
9
Стерильденбеген қолғаптар
+
+
+
10
Стерильденген қолғаптар
+
+
+
11
Терапиялық жарық шпатель
+
+
+
12
Бір реттік пайдаланылатын маскалар
+
+
+
13
Бұластыр
+
+
+
14
Сантиметрлік таспа
+
+
+
15
Стетоскоп
+
+
+
16
Фонедоскоп
+
+
+
17
Тонометр
+
+
+
18
Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр
+
+
+
19
Триаждау/іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтар
+
+
20
Несептік катетер
+
+
+
21
Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі
+
+
+
22
Бір реттік пайдаланылатын ақжайма
+
+
+
23
Медициналық кленка – 1 метр
+
+
+
24
Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24)
+
+
+
25
Бір реттік пайдаланылатын, стерильденген көбелек тәріздес ине 23,24
+
+
+
26
Спиртті мақта және/немесе салфеткалар (саны қажеттілік бойынша)
+
+
+
27
Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар
+
+
+
28
Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар
+
+
29
Ларингеальді бетперде
+
30
Ауа жібергіштер жиынтығы
+
+
+
31
Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар
+
+
+
32
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц – пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары)
+
33
Эндотрахеальдық түтіктер
+
+
34
Ауызкергіш
+
+
35
Тілқышқыш
+
+
36
Коникотомиялық жиынтық
+
+
37
ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель
+
+
+
38
Дәкелер (стерильденген, стерильденбеген)
+
+
+
39
Қан тоқтатқыш жгут
+
+
+
40
Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін)
+
41
Анатомиялық пинцет
+
+
42
Таңу материалына арналған қайшы
+
+
+
43
Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) ваккумды шиналардың жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы.
+
+
44
Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма)
+
+
45
Термо көрпе
+
+
46
Құсық массасына арналған пакет
+
+
+
47
Жиынықтағы 1 типті обаға қарсы костюм (бір реттік)
+
+
+
48
А класының қалдықтарына арналған пакет
+
+
+
49
Б класының қалдықтарына арналған пакет
+
+
+
50
Өткір құралдарды жинауға арналған В класының сыйымдылық контейнері (қауіпті қалдықтар) (бір реттік) 250мл
+
+
+
51
Жанэ бір реттік пайдаланылатын шприці
+
+
+
52
Бір реттік пайдалануға арналған барлық өлшемдердегі асқазан сүңгісі
+
+
+
53*
Базалық жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған аппаратураның чемодандағы немесе рюкзактағы жиынтығы (қосымша оксигенацияны қосу мүмкіндігі бар тыныс алу қапшығы (қаптар) немесе ересектердің, 1 жастан асқан балалардың өкпесіне жасанды желдету жүргізуге арналған ӨЖЖ Автоматты аппараты; механикалық жетегі және аспаптар жиынтығымен оттегі көзі бар аспиратор)
+
54*
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар); бір рет қолданылатын тыныс алу контурына арналған сүзгіштер жиынтығы (балалар мен ересектер)
+
55*
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосымша желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқарылатын және қосымша жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар), тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бір реттік (балалар мен ересектер), кіріктірілген немесе сыртқы волюметриялық блок
+
56*
Ересектер мен балаларға арналған электродтары бар, дыбыстық кеңестерімен дербес қоректенуі бар герметикалық соққыға төзімді корпуста автоматты сыртқы дефибриллятор
+
57*
Көліктік дефибриллятор-монитор
+
+
58
Электрокардиограф
+
+
59
Автоматты режимі бар үш арналы электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрылыстың синхрондық жазбасы, үш бұрылыстан немесе одан да көп графикалық бейнеленуі, электрокардиограмманы кейіннен сигналды қосымша өңдей отырып, компьютерге қосу мүмкіндігімен жаңғырту)
+
60*
Көліктік реанимациялық-анестезиологиялық монитор (3-ші бөлікте ЭКГ мониторингілеу; артериялық қысымды, капнометрияны, пульсоксиметрияны, температураны инвазивті емес өлшеу функцияларымен; деректерді компьютерге көшіру мүмкіндігімен қоса орнатылған принтермен)
+
61
Жүрек-өкпе реанимациясына арналған электромеханикалық аспап
+
62
Ересек және балалар датчиктерімен жиынтықта көліктік портативті пульсоксиметр
+
+
+
63*
Көліктік электр сорғыш
+
+
64
Пациенттерді бекітуге арналған жұлын тақтасын, алмалы-салмалы аспаптар үстелін, ересек және педиатриялық белдіктерді орналастыруға арналған қуысы бар арба-сырғытқы
+
65
Жұлын тақтасын орналастыруға арналған қуысы бар, алмалы-салмалы құрал үстелімен, ересек және педиатриялық белдіктермен пациенттерді бекітуге арналған, көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штативі бар арба-сырғытқы
+
66
Жұлын тақтасын орналастыруға арналған орны, алмалы-салмалы аспаптар үстелі, ересектердің белдіктері және пациенттерді бекітуге арналған педиатриялық, интубация жүргізуге арналған реттелетін көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штатив, электримпульстік терапия жүргізуге арналған диэлектрлік материалдан жасалған төсемі бар сырғытқы - арба
+
67
Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес)
+
+
+
68
Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші
+
+
69
Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны
+
+
70*
Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық
+
+
71
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған күйікке қарсы жиынтық (стерильдеген күйікке қарсы таңғыштар, Термо көрпе, күйікке қарсы жергілікті қолдану құралдары (гель, аэрозоль)
+
+
72
Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құймаларға арналған жиналмалы штатив
+
+
73
Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор)
+
+
74*
Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор
+
+
+
75*
Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны
+
+
76
Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға термооқшаулағыш контейнер немесе 12 құтыға бір контейнерге
+
+
77
Вакуумды матрас (қажет болған кезде)
+
+
78
Шокқа қарсы костюм
+
*- бұйымды санитариялық автокөлік қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт әзірлеген бекіткіші болуы тиіс. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитариялық автокөлік қабырғасындағы зарядтау үшін бекітпеге орнатылған ажыратқыш.

Қолданыстағы