О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 3 июля 2018 года № 304 «Об утверждении Типовой архитектуры «электронного акимата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 3 июля 2018 года № 304 «Об утверждении Типовой архитектуры «электронного акимата»
- Атауы (қаз.)
- «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 406/НҚ
- Қабылданған күні
- 24.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2023 160666_610409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025384
- ЭКБ идентификаторы
- 160666
- Редакция идентификаторы
- 160666_610409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:41
0 «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасында:
1-қосымшада:
«1-бөлімде:
реттік нөмірі 496-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
496.
Жер саудасы
өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады
Жер саудасын өткізуді автоматтандыру
Жүргізілетін жер сауда-саттықтары (аукциондар) туралы мәліметтер
ЖҚБ
»;
2-бөлімде:
реттік нөмірі 336-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
336.
өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондар) жүргізуді ұйымдастырады
Жүргізілетін жер сауда-саттықтары (аукциондар) туралы мәліметтер
ҚТКШБ
».
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі