Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 3 апреля 2018 года № 95 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Жылыойского района»

Қаулы · № 37 · қабылданған 10.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2018-no-95/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 3 апреля 2018 года № 95 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Жылыойского района» Күшін жойған 07.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 3 апреля 2018 года № 95 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Жылыойского района»

Күшін жойған Қаулы № 37 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 3 апреля 2018 года № 95 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Жылыойского района»
Атауы (қаз.)
Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі «Жылыой ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» № 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37
Қабылданған күні
10.02.2022
Көрсетілген редакция
07.04.2023 164485_624608.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22TB00037A
ЭКБ идентификаторы
164485
Редакция идентификаторы
164485_624608
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:31
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі «Жылыой ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» № 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес Жылыой ауданы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі «Жылыой ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» № 95 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4125 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әдістемеде:
5-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.