Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 3 мая 2019 года № 1-03/74 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории района Аққулы»

Қаулы · № 1-03/255 · қабылданған 22.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-1-0374-ekb-171966/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 3 мая 2019 года № 1-03/74 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории района Аққулы» Қолданыста Қаулы ·№ 1-03/255 ·22.09.2022
22.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 3 мая 2019 года № 1-03/74 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории района Аққулы»

Қолданыста Қаулы ·№ 1-03/255 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 3 мая 2019 года № 1-03/74 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории района Аққулы»
Атауы (қаз.)
Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы «Аққулы ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 1-03/74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1-03/255
Қабылданған күні
22.09.2022
Көрсетілген редакция
22.09.2022 171966_593655.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22PI029757
ЭКБ идентификаторы
171966
Редакция идентификаторы
171966_593655
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:52

0 Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы

«Аққулы ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 1-03/74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы «Аққулы ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 1-03/74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аққулы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Аққулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Аққулы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Аққулы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы

4 Аққулы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Аққулы ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
22 қыркүйектегі
№ 1-03/255 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданы
әкімінің 2019 жылғы
«3» мамырдағы № 1-03/74
қаулысына 1 - қосымша
Аққулы ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Р/с №
Елді мекеннің атауы
Орналасқан орны
Аққулы ауылдық округі
1
Аққулы
ауылы
Амангелді көшесі, 84, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының жанында
2
Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 6, «Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
3
Амангелды көшесі, 84А, «Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
Жамбыл ауылдық округі
4
Жамбыл
ауылы
Бейбітшілік көшесі, 15 «Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
5
Тәуелсіздік көшесі, 6, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Күншуақ» сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
6
Жаңатаң
ауылы
Ынтымақ көшесі, 2, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
7
Әйтей
ауылы
Желтоқсан көшесі, 38, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
Майқарағай ауылдық округі
8
Майқарағай ауылы
Мұхтар Әуезов көшесі, 8, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында
9
Жабаев көшесі, 5, Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
10
Мерғалым ауылы
Қайырбаев көшесі, 1, Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Бекмұрат Уахатов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
Қызылағаш ауылдық округі
11
Бесқарағай ауылы
Жанпейіс Сыздықов көшесі, 14, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пункті ғимаратының жанында
Шарбақты ауылдық округі
12
Шарбақты ауылы
Достық көшесі, 1, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
13
Бейбітшілік көшесі, 16А, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында
14
Төсағаш ауылы
Тәуелсіздік көшесі, 4, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
15
Жабағылы ауылы
Ынтымақ көшесі, 6, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
Қарақала ауылдық округі
16
Қарақала ауылы
Шайхыслям Оспанов көшесі, 1, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында
17
Кәрімжан Әпсалықов көшесі, 3, «Аққулы ауданының Қарақала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
18
Шәмші
ауылы
Төлен Әмірғалиев көшесі, 19, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
19
Шабар
ауылы
Күляй Шарбақпаева көшесі, 9, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
Ямышев ауылдық округі
20
Ямышево
ауылы
Мира көшесі, 1, «Аққулы ауданының Ямышев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
21
Абай көшесі, 38, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында
22
Тілектес
ауылы
Уакап Сыздықов көшесі, 1, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
23
Қызылқоғам ауылы
Уайхан Мүлікбаев көшесі, 1, Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
Баймолдин ауылдық округі
24
Әбілхайыр Баймолдин атындағы ауылы
Маяковского көшесі, 5, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
25
Баймолдин көшесі, 2, «Аққулы ауданының Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
26
Тақыр
ауылы
Лермонтов көшесі, 9, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
Малыбай ауылдық округі
27
Малыбай ауылы
Мұхтар Әуезов көшесі, 16, «Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Малыбай ауылының ауылдық кітапхана ғимаратының жанында
28
Қазантай ауылы
Бірлік көшесі, 8, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық клубы ғимаратының жанында
29
Қазы
ауылы
Желтоқсан көшесі, 1/1, Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты жанында
Шақа ауылдық округі
30
Шақа
ауылы
Клубная көшесі, 1А, «Қазақстан Республикасы орман және ауылшаруашылық министрлігінің орман және
аңшаруашылығы ұйымының «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман табиғи қоры» мемлекеттік мекемесінің Бесқарағай филиалы ғимаратының жанында
31
Шоқтал
ауылы
Қабдылғазы Айтқалиев көшесі, 20, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аққулы аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пункті ғимаратының жанында

Қолданыстағы