Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)»

Бұйрық · № 232 · қабылданған 18.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-1084-ekb-153727/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)» Қолданыста Бұйрық ·№ 232 ·18.03.2021
18.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 232 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)»
Атауы (қаз.)
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
18.03.2021
Көрсетілген редакция
18.03.2021 153727_516668.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022381
ЭКБ идентификаторы
153727
Редакция идентификаторы
153727_516668
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:09

0

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19445 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (ары қарай – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға салық төлеушілердің мынадай:
ЭШФ жазып беруге шектеу жасалған;
шектеу шеңберінде ЭШФ жазып беруі қайтарып алынған тізбелерін орналастыруға.
Бұл ретте осы тізбелер өсу қорытындысымен орналастыру жүргізілген айдың бірінші күніне өзекті болып табылады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда–салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ қайтарып алған жағдайда;»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Хабарлама Салық кодексінің 96-бабы 4-тармағымен көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының шешім шығаруымен орындалмаған деп танылған жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушыларының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.»;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-да бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ АЖ-ға кіруге шектеуді қолдануды жояды.
16. ЭШФ жазып беру шектелген жағдайда Салық кодексінің 413-бабында көзделген оны жазып беру мерзімдері мұндай шектеу алып тасталғанға дейін тоқтатыла тұрады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы