Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)»

Бұйрық · № 573 · қабылданған 09.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-1084/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)» Қолданыста Бұйрық ·№ 573 ·09.06.2022
09.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 573 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 3 октября 2019 года № 1084 «Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)»
Атауы (қаз.)
«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
573
Қабылданған күні
09.06.2022
Көрсетілген редакция
09.06.2022 168765_604063.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028437
ЭКБ идентификаторы
168765
Редакция идентификаторы
168765_604063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:30

0

«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тілінде өзгертіледі;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындауға жатады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;
2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:
1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қолжетімділікті шектеуді қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1.Мемлекеттік кіріс органдары ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қол жеткізуді шектеуді қолданғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді:
1) ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не қолжетімділікті осындай шектеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы құлақтандыру;
2) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына хабарлама.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-де бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не кіруге шектеуді қолдануды жояды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы