Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 111/НҚ «Об утверждении методики и правил проведения испытаний объектов информатизации «электронного правительства» и информационных систем, отнесенных к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, на соответствие требованиям информационной безопасности»

Бұйрық · № 336/НҚ · қабылданған 05.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-111-ekb-136915/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 111/НҚ «Об утверждении методики и правил проведения испытаний объектов информатизации «электронного правительства» и информационных систем, отнесенных к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, на соответствие требованиям информационной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 336/НҚ ·05.12.2019
05.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 111/НҚ «Об утверждении методики и правил проведения испытаний объектов информатизации «электронного правительства» и информационных систем, отнесенных к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, на соответствие требованиям информационной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 336/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 111/НҚ «Об утверждении методики и правил проведения испытаний объектов информатизации «электронного правительства» и информационных систем, отнесенных к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, на соответствие требованиям информационной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
336/НҚ
Қабылданған күні
05.12.2019
Көрсетілген редакция
05.12.2019 136915_436126.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019719
ЭКБ идентификаторы
136915
Редакция идентификаторы
136915_436126
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:30

0

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 7 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Объектілерді АҚ талаптарына сәйкестікке сынақтар (бұдан әрі – сынақтар) өткізу объектілерінің техникалық құжаттаманың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстарды қамтиды және сынақтар объектісін пайдаланудың штаттық ортасында жүргізіледі.»;
12-тармақ алынып тасталсын;
30-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Белгіленген мерзімді өткізіп алу сынақтарды осы Қағидаларда белгіленген жалпы тәртіпте жүргізу үшін негіздеме болып табылады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні (бұдан әрі – сынақтар актісін) уәкілетті орган береді.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Сынақтар актісін алу үшін өтініш беруші қағаз тасымалдауышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы сынақтар объектісінің иеленушісі (меншік иесі) бекіткен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықты (бұдан әрі – сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық) қоса бере отырып, осы Қағидалардың 7-11 тармақтарында айқындалған хаттамалардың толық жинағымен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтініш жібереді.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Осы Қағидалардың 7-11-тармақтарында айқындалған сынақтар хаттамаларының толық жинағы негізінде уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) сынақтар актісін беру туралы;
2) сынақтар актісін беруден бас тарту туралы.
Сынақтар актісін беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге сынақтар актісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың көшірмесін қоса бере отырып, сынақтар актісін жолдайды және тиісті мәліметтерді сынақтар актілерінің тізіліміне енгізеді.
Сынақтар актісін беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге сынақтар актісін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Өтініш берушінің сынақтар хаттамаларының нәтижелерімен келіспеушілігі туындаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.
Туындаған келіспеушіліктерді шешу үшін, уәкілетті орган өтініш беруші мен қызмет беруші (қызмет берушілердің) өкілдерін талқылауға шақырып, олардың қатысуымен мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) сынақтар актісін беру туралы;
2) сынақтар актісін беруден бас тарту туралы.
Сынақтар актісін беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге сынақтар актісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың көшірмесін қоса бере отырып, сынақтар актісін жолдайды және тиісті мәліметтерді сынақтар актілерінің тізіліміне енгізеді.
Сынақтар актісін беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге сынақтар актісін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеу жағдайлары мен функционалдығына өзгерістер енгізген кезде ақпараттандыру объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі өзгерістерге әкелген жұмыстарды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға барлық жүргізілген өзгерістердің сипаттамасын және сынақтар объектісінің меншік иесінің немесе иеленушісінің лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен бекітілген сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы жаңартылған сауалнама-сұраулықты қоса беріп, хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сынақтар актісін қайтарып алу немесе қайтармау туралы шешім қабылдайды.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Сынақтар объектісінің нақты сипаттамалары мен сынақтар актісінің ажырамас бөлігі болып табылатын сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықта көрсетілген сипаттамалары арасында алшақтық  анықталған жағдайда, уәкілетті орган сынақтар актісін қайтарып алу туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 50-тармақпен толықтырылсын:
«50. Уәкілетті орган мынадай негіздер:
1) уәкілетті органға ұсынылған сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың деректері мен сынақтар хаттамаларына қоса берілген сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың деректері арасындағы айырмашылықты анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша сынақтар актісін беруден бас тартады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгiленген тәртiпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2019 жылғы «___» ____________

1 Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы «__»_____
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 11-1) тармақшасы негізінде 20 __ жылғы «____» ______________ Өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар жүргізу нәтижелері бойынша
_________________________________________________________________
(СО атауы)
_________________________________________________________________
(серверлік және желілік жабдықтың нақты орналасқан орны)
_________________________________________________________________
(сынақтар объектісі өтініш берушісінің атауы)
_________________________________________________________________
(өтініш беруші ұйымның атауы, өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)
сынақ түрлері бойынша келесі хаттамалар негізінде:
1) 20 __ жылғы «__» __________ № ____ бастапқы кодтарды талдау хаттамасы, қызмет берушінің атауы;
2) 20 __ жылғы «__» __________ № ____ ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы, қызмет берушінің атауы;
3) 20 __ жылғы «__» __________ № ____ жүктемелік сынау хаттамасы, қызмет берушінің атауы;
4) 20 __ жылғы «__» __________ № ____ желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау хаттамасы, қызмет берушінің атауы;
5) 20 __ жылғы «__» __________ № ____ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау хаттамасы, қызмет берушінің атауы
Жүргізілген сынақтар негізінде _____________________________________
(сынақтар объектісінің атауы)
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес.
Қосымша: Сынақтар объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулықтың көшірмесі
Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы _________ _________________
20__ жылғы «_____» ___________ (қолы) Т.А.Ә. (болған кезде)

2 Сынақтар актісін алуға ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы «__»_____
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Кімге_______________________
(уәкілетті органның атауы)
Сынақтар актісін алуға
ӨТІНІШ
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы, БСН/ЖСН*, Т.А.Ә. (болған кезде)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің пошталық мекенжайы, e-mail және телефоны,
облыс, қала, аудан)
_________________________________________________________________
(сынақтар объектісінің атауы)
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша
акт беруді сұрайды.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1. сынақтар объектісінің иесі (меншік иесі) бекіткен сынақ объектінің сипаттамасы туралы сауалнама-сұраулық;
2. бастапқы кодтарды талдау хаттамасы (нөмір, күні, қызмет берушінің атауы);
3. ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау хаттамасы (нөмір, күні, қызмет берушінің атауы);
4. жүктемелік сынау хаттамасы (нөмір, күні, қызмет берушінің атауы);
5. желілік инфрақұрылымды зерттеп-қарау хаттамасы (нөмір, күні, қызмет берушінің атауы);
6. ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау хаттамасы (нөмір, күні, қызмет берушінің атауы);
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жеткізу шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
________________ (қолы) М.О. (болған кезде) 20___ жылғы «__» ______________
* бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________

3 Сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы «__»_____
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Сынақ объектісінің сипаттамалары туралы сауалнама-сұраулық

1 1. Сынақ объектісінің атауы:

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

2 2. Сынақ объектісіне қысқаша аңдатпа

_________________________________________________________________
(мақсаты мен пайдалану аясы)

3 3. Сынақ объектісінің сыныпталуы:

1 1) қолданбалы бағдарламалық қамтылымның сыныбы_________.

2

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына 2-қосымшаның нысаны бойынша сыныптау схемасы.

4 4. Сынақ объектісінің архитектурасы:

1 1) сынақ объектісінің:

сынақ объектісінің компоненттері, модульдері және олардың ІP-мекенжайлары;
компоненттері немесе модульдері арасындағы байланыстары және ақпараттық ағындардың бағыттары;
басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциялық өзара іс-қимылды қосу нүктелері; пайдаланушылар қосылған нүктелер;
деректерді сақтау орындары мен технологиялары;
қолданылатын резервтік жабдық;
пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың түсіндірмелері көрсетілген функционалдық схемасы (қажет болған кезде);

2 2) сынақ объектісінің:

желінің архитектурасы мен сипаттамалары;
серверлік және коммуникациялық жабдық;
адрестеу мен қолданылатын желілік технологиялар;
пайдаланылатын локалдық, ведомстволық (корпоративтік) және жаһандық желілері;
жұмыс істемей қалу болмаушылығын қамтамасыз ету және резервтеу жөніндегі шешім(дер);
пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың түсіндірмелері көрсетілген деректерді беру желісінің схемасы (қажет болған кезде);

5 5. Сынақ объектісі туралы ақпарат:

1 1) серверлерлік жабдық туралы ақпарат (кестені толтыру):

р/с №
Сервер­дің неме­се вир­ту­ал­ды ре­сур­стың ата­уы (сервер­дің до­мен­дік ата­уы, же­лі­лік ата­уы неме­се ло­ги­ка­лық ата­уы)
Мақ­са­ты (орын­дай­тын функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі)
Са­ны
Сервер­дің неме­се мә­лім­ден­ген пай­да­ла­ны­ла­тын вир­ту­ал­ды ре­сур­стар­дың си­патта­ма­ла­ры
Сер­вер­лер­де ор­на­ты­л­ған ОЖ, ДҚБЖ, БҚ, қо­сым­ша­лар, кі­та­п­ха­на­лар мен қор­ғау құ­рал­да­ры неме­се пай­да­ла­на­тын вир­ту­ал­ды сер­ви­стер (нұс­қа­лар­дың нө­мір­ле­рі көр­се­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық ор­та­ның құ­ра­мы)
Пай­да­ла­ны­ла­тын ІP-ме­кен­жай­ла­ры
1
2
3
4
5
6
7

2 2) желілік жабдық туралы ақпарат (кестені толтыру):

р/с №
Же­лі­лік жаб­дық­тың ата­уы (мар­ка­сы/мо­де­лі)
Мақ­са­ты (орын­дай­тын функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі)
Са­ны
Пай­да­ла­ны­ла­тын же­лі­лік тех­но­ло­ги­я­лар
Пай­да­ла­ны­ла­тын же­лі­ні қор­ғау тех­но­ло­ги­я­ла­ры
Пай­да­ла­ны­ла­тын ІP-ме­кен­жай­ла­ры, со­ның ішін­де бас­қа­ру пор­ты
1
2
3
4
5
6
7

3 3) серверлік және желілік жабдық орналасқан орны (кестені толтыру):

р/с №
Сер­вер­лік оры­н­жай­дың ие­ле­ну­ші­сі
Сер­вер­лік оры­н­жай­дың ие­ле­ну­ші­сі­нің заң­ды ме­кен­жайы
Сер­вер­лік оры­н­жай­дың нақ­ты ор­на­лас­қан ор­ны -ме­кен­жайы
Қол­же­тім­ді­лік­ті ұй­ым­да­сты­ру­ға жа­у­ап­ты тұ­лға­лар (Т.А.Ә. (болған кез­де)
Жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­дың те­ле­фон­да­ры (жұ­мыс, ұя­лы)
1
2
3
4
5
6

4 4) резервтік серверлік жабдықтың сипаттамалары (кестені толтыру):

р/с №
Сервер­дің неме­се вир­ту­ал­ды ре­сур­стың ата­уы (сервер­дің до­мен­дік ата­уы, же­лі­лік ата­уы неме­се ло­ги­ка­лық ата­уы)
Мақ­са­ты (орын­дай­тын функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі)
Са­ны
Сервер­дің неме­се мә­лім­ден­ген пай­да­ла­ны­ла­тын вир­ту­ал­ды ре­сур­стар­дың си­патта­ма­ла­ры
Сер­вер­лер­де ор­на­ты­л­ған ОЖ, ДҚБЖ, БҚ, қо­сым­ша­лар, кі­та­п­ха­на­лар мен қор­ғау құ­рал­да­ры неме­се пай­да­ла­на­тын вир­ту­ал­ды сер­ви­стер (нұс­қа­лар­дың нө­мір­ле­рі көр­се­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық ор­та­ның құ­ра­мы)
Пай­да­ла­ны­ла­тын ІP-ме­кен­жай­ла­ры
Ре­зерв­теу әді­сі
1
2
3
4
5
6
7
8

5 5) резервтік желілік жабдықтың сипаттамалары (кестені толтыру):

р/с №
Же­лі­лік жаб­дық­тың ата­уы (мар­ка­сы/мо­де­лі)
Мақ­са­ты (орын­дай­тын функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі)
Са­ны
Пай­да­ла­ны­ла­тын же­лі­лік тех­но­ло­ги­я­лар
Пай­да­ла­ны­ла­тын же­лі­ні қор­ғау тех­но­ло­ги­я­ла­ры
Пай­да­ла­ны­ла­тын ІP-ме­кен­жай­ла­ры, со­ның ішін­де бас­қа­ру пор­ты
Ре­зерв­теу әді­сі
1
2
3
4
5
6
7
8

6 6) резервтік серверлерлік және желілік жабдық орналасқан орны (кестені толтыру):

р/с №
Сер­вер­лік оры­н­жай­дың ие­ле­ну­ші­сі
Сер­вер­лік оры­н­жай­дың ие­ле­ну­ші­сі­нің заң­ды ме­кен­жайы
Сер­вер­лік оры­н­жай­дың нақ­ты ор­на­лас­қан ор­ны -ме­кен­жайы
Қол­же­тім­ді­лік­ті ұй­ым­да­сты­ру­ға жа­у­ап­ты тұ­лға­лар (Т.А.Ә. (болған кез­де)
Жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­дың те­ле­фон­да­ры (жұ­мыс, ұя­лы)
1
2
3
4
5
6

7 7) корпоративтік желінің құрылымы (кестені толтыру) (қажет болған кезде):

р/с №
Же­лі сег­мен­ті­нің ата­уы
Же­лі­нің ІP-ме­кен­жайы / же­лі мас­ка­сы
1
2
3

8 8) әкімшілердің жұмыс станциялары бойынша ақпарат (кестені толтыру):

р/с №
Әкім­ші­нің рө­лі
Әкім­ші­лер­дің есеп­тік жа­з­ба­ла­ры­ның са­ны
Ин­тер­нет­ке қол­же­тім­ді­лік­тің бо­луы
Сер­вер­ге қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік­тің бо­луы
Әкім­ші жұ­мыс стан­ци­я­сы­ның ІP-ме­кен­жайы
Нақ­ты ор­на­лас­қан ор­ны - жұ­мыс ор­ны­ның ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7

9 9) мобильдік және интернет қосымшаларын пайдалануды қоса алғанда, қолданбалы бағдарламалық қамтылымды пайдаланушылар туралы ақпарат (кестені толтыру):

р/с №
Пай­да­ла­ну­шы­ның рө­лі
Пай­да­ла­ну­шы­ның тип­тік іс-қи­мыл­да­ры­ның тіз­бе­сі
Пай­да­ла­ну­шы­лар­ды қо­су нүк­те­сі­нің ме­кен­жайы мен қо­су хат­та­ма­сы
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ең көп са­ны
Се­кун­ды­на өң­де­ле­тін сұ­ра­у­лар­дың (па­кет­тер­дің) ба­рын­ша көп са­ны
Сұ­ра­у­лар ара­сын­да кү­ту­дің ең ұзақ уа­қы­ты
1
2
3
4
5
6
7

10 10) сынақ объектісінің интеграциялық өзара іс-қимылы, соның ішінде болжамды, туралы ақпарат (кестені толтыру):

р/с №
Ин­те­гра­ци­я­лық бай­ла­ны­стың (ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­нің) ата­уы
Ин­те­гра­ци­я­лау объ­ек­ті­сі­нің мен­шік ие­сі неме­се ие­ле­ну­ші­сі
Қол­да­ны­с­та­ғы/жос­пар­лы
Ин­те­гра­ци­я­лау мо­ду­лі­нің бо­луы
Қо­су нүк­те­сі­нің ме­кен­жайы мен қо­су хат­та­ма­сы
Се­кун­ды­на сұ­ра­у­лар­дың (па­кет­тер­дің) ба­рын­ша көп са­ны
Сұ­ра­у­лар ара­сын­да кү­ту­дің ең ұзақ уа­қы­ты
1
2
3
4
5
6
7
8

11 11) қолданбалы БҚ бастапқы кодтары (кестені толтыру) (қажет болған кезде):

р/с №
Дис­кі­нің мар­ка­ла­уы
Дис­кі­де­гі ка­та­лог­тың ата­уы
Файл­дың ата­уы
Файл­дың кө­ле­мі, Мбайт
Пай­да­ла­ны­ла­тын бағ­дар­ла­ма­лау ті­лі (қа­жет болған кез­де)
Файл­дың түр­лен­ді­рі­л­ген кү­ні
1
2
3
4
5
6
7

12 12) пайдаланылатын кітапханалар мен бағдарламалық платформаның(лардың) бастапқы кодтары және орындалатын файлдары (қажет болған кезде):

р/с №
Дис­кі­нің мар­ка­ла­уы
Дис­кі­де­гі ка­та­лог­тың ата­уы
Кі­та­п­ха­на/бағ­дар­ла­ма­лық плат­фор­ма/файл ата­уы
Кө­ле­мі, Мбайт
Бағ­дар­ла­ма­лау ті­лі
Кі­та­п­ха­на нұс­қа­сы
1
2
3
4
5
6
7

6 6. Сыналатын объектіні құжаттау (кестені толтыру) (қажет болған кезде):

р/с №
Құ­жат­тың ата­уы
Бар бо­луы
Па­рақ­тар са­ны
Бе­кі­ті­л­ген кү­ні
Оған сай­кес құ­жат әзір­лен­ген стан­дарт неме­се нор­ма­тив­тік құ­жат
1
2
3
4
5
6
1
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік са­я­са­ты;
2
Ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­ры­мен бай­ла­ны­сты ак­тив­тер­ді сәй­кестен­ді­ру, сы­нып­тау және мар­ка­лау қа­ғи­да­ла­ры;
3
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау әді­сте­ме­сі;
4
Ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­ры­мен бай­ла­ны­сты ак­тив­тер­дің үз­дік­сіз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­ры;
5
Есеп­теу тех­ни­ка­сы құ­рал­да­рын, те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық жаб­дық­ты және бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды тү­ген­деу мен пас­порт­тан­ды­ру қа­ғи­да­ла­ры;
6
Іш­кі ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік ауди­тін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры;
7
Ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры;
8
Элек­трон­дық ре­сур­стар­ға қол жет­кі­зу құқық­та­рын бө­лу қа­ғи­да­ла­ры;
9
Ин­тер­нет­ті және элек­трон­дық по­шта­ны пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры;
10
Аутен­ти­фи­ка­ция рә­сі­мін ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры;
11
Ви­рус­қа қар­сы ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры;
12
Мо­биль­дік құ­ры­л­ғы­лар­ды және ақ­па­рат та­сы­мал­да­уы­штар­ды пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры;
13
Ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­рын фи­зи­ка­лық қор­ғауды және ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­дың қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­теу ор­та­сын ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры;
14
Ақ­па­рат­ты ре­зерв­тік кө­ші­ру және қал­пы­на кел­ті­ру ре­гла­мен­ті;
15
Әкім­ші­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін сүй­мел­деу жө­нін­де­гі бас­шы­лы­ғы;
16
Пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­ла­ры­на және штат­тан тыс (дағ­да­ры­сты) жағ­дай­лар­да әре­кет етуі бой­ын­ша іс-қи­мыл тәр­ті­бі ту­ра­лы нұс­қа­улық.

7 7. Бұрын өткен жұмыс түрлері немесе сынақтар туралы мәліметтер (хаттаманың нөмірі, күні):

_________________________________________________________________

8 8. Сыналатын объектіге лицензияның болуы (авторлық құқықтың болуы, бастапқы кодты ұсынуға әзірлеуші ұйыммен келісімнің болуы)

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

9 9. Қосымша ақпарат: _______________________________________________

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Қолданыстағы