Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 117 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района»

Қаулы · № 498 · қабылданған 23.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-117-ekb-162711/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 117 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района» Қолданыста Қаулы ·№ 498 ·23.12.2021
23.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 117 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района»

Қолданыста Қаулы ·№ 498 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 117 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тайыншинского района»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 «Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
498
Қабылданған күні
23.12.2021
Көрсетілген редакция
23.12.2021 162711_554345.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21SK026248
ЭКБ идентификаторы
162711
Редакция идентификаторы
162711_554345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:53

0

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 «Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Тайынша ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстiк Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихаты

1 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 498 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 117 қаулысына
қосымша

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3 3) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

4 4) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5

5) мемлекеттік мекеменің біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маманы – жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, ассистент.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы);

5

5) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

6

6) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары - аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

7 7) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандары - дыбыс операторы.

Қолданыстағы