Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 3 мая 2019 года № 125 «Об утверждении Правил выдачи прокатного удостоверения на фильм»

Бұйрық · № 118 · қабылданған 11.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-125-ekb-142712/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 3 мая 2019 года № 125 «Об утверждении Правил выдачи прокатного удостоверения на фильм» Қолданыста Бұйрық ·№ 118 ·11.05.2020
11.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 3 мая 2019 года № 125 «Об утверждении Правил выдачи прокатного удостоверения на фильм»

Қолданыста Бұйрық ·№ 118 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 3 мая 2019 года № 125 «Об утверждении Правил выдачи прокатного удостоверения на фильм»
Атауы (қаз.)
«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118
Қабылданған күні
11.05.2020
Көрсетілген редакция
11.05.2020 142712_461052.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020616
ЭКБ идентификаторы
142712
Редакция идентификаторы
142712_461052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:34

0 «Фильмге прокаттау куәлігін беру

қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 125 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы №125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18639 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықта көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнер кәсібі министрлігі

0 Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 11 мамыры № 118
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 3 мамырдағы № 125
бұйрығымен бекітілген
Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы

15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының
1) тармақшасына және «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

3 3. Фильмнің прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) – фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат.

2 2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда прокаттау куәлігін алу үшін өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға

2-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта мазмұндалған.

5 5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден – «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кинематография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

8

8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күннен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің қалыптастырылған жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

10 10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

12 12. Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде прокаттау куәлігін бермеген не прокаттау куәлігін беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімі өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі.

Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті прокаттау куәлігін береді.
Телеарналарда фильмдердің прокатталуы және көрсетілуі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

13 13. Бұрын прокаттау куәлігін беру үшін негіз болған фильм туралы ақпараттың дұрыс еместігі және (немесе) бұрмалануы анықталған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрады.

Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан себептерді жою үшін қажетті мерзімге, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім оны берген тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар еткен күннен бастап күшіне енеді.
Прокаттау куәлігінің қолданылуы прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданылуын бұрын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде прокаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрған тұлғаның не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен қайта жаңартылады.
Прокаттау куәлігін тоқтата тұру үшін бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, дау туындаған кезде уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен қайтарып алады.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

14

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 Өтініш

Фильмге прокаттау куәлігін
беру қағидаларына
1-қосымша
нысан
___________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы,
орган басшысының тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)
кімнен
______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі,
аты, жөні немесе жеке тұлғаның
тегі, аты, жөні
(бар болған жағдайда)
Өтініш
Сізден ____________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
(фильмнің атауы)
БСН/ЖСН: (автоматты түрде)
________________________________________
Мекен жайы
Пошталық индексі: __________________________________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен: __________________________________________________
Көше атауы: ________________________________________________________________
Үй/ғимарат нөмірі: __________________________________________________________
Үй индексі: _________________________________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі: ____________________________________________________
Телефон нөмірлері: __________________________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-maіl): _____________________________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: _____________________________________________________________
Өндіруші ел:
____________________________________________________________________________
Өндіруші студия:
____________________________________________________________________________
Шығарылған жылы: __________________________________________________________
Фильм пішімі:
____________________________________________________________________________
Фильмнің хронометражы: _____________________________________________________
Сценарий авторы (лар): _______________________________________________________
Қоюшы режиссер (лар):
_____________________________________________
Қоюшы оператор(лар):
_____________________________________________
Қоюшы суретші (лар):
_____________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы:
_____________________________________________
Продюсер(лар):
____________________________________________________________________________
Фильм серияларының саны:____________________________________________________
Фильмнің жанры: ____________________________________________________________
Фильм тілі:
____________________________________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге
асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________
Фильмнің түрі: _______________________________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: _______________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: __________ дейін: ________
Жас санаты белгісі:
___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын,
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген мәліметтерді пайдалануға келісемін.

2 Фильмге прокаттау

куәлігін беру қағидаларына
2-қосымша
«Фильм­ге про­кат­тау ку­ә­лі­гін бе­ру»
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стр­лі­гі
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­тал­да­ры www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz
3.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
7 (же­ті) жұ­мыс кү­ні, ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мауы және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­лар­да 2 (екі) жұ­мыс кү­ні
4.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны
Элек­трон­дық тү­рін­де
5.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сi
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 1 сәу­ір­де­гі № 82 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18473 бо­лып тір­кел­ген) ны­сан бой­ын­ша фильм­ге про­кат­тау ку­ә­лі­гі неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті
алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін.
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жер­дің ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.mсs.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, www.​eli​cens​e.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған
8.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не уәкі­лет­ті өкіл) жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен рас­тал­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның фильм­ге неме­се оны пай­да­ла­ну­ға құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (шет ті­лін­де­гі құ­жат­тар­ға қа­зақ және (неме­се) орыс тіл­де­рін­де­гі но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­ле­ді);
3) жас са­на­тын анық­тау үшін бар бар­лық кө­рі­ні­стер­ді си­паттай оты­рып, фильм­нің маз­мұ­ны ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын фильм­нің ан­но­та­ци­я­сы;
4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да шы­ға­ры­л­ған фильм­дер­де пай­да­ла­ны­ла­тын туын­ды­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы құ­жат­тар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар бо­лып та­бы­ла­тын мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден – «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зы ар­қы­лы ала­ды.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның анық емес (және) неме­се бұр­ма­лан­ған ақ­па­рат бе­руі;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар мен ма­те­ри­ал­дар­ды ұсын­ба­уы;
3) фильм­нің маз­мұ­ны Рес­пуб­ли­ка­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құ­ры­лы­сын кү­ш­теп өзгер­ту­ді, тұ­та­стығ­ын бұ­зу­ды, мем­ле­кет қа­уіп­сіз­ді­гіне нұқ­сан кел­ті­ру­ді, әле­умет­тік, нә­сіл­дік, ұлт­тық, ді­ни, тек­тік-топ­тық және рулық араз­дық­ты қоз­ды­ру­ды, қа­тыг­ез­дік пен зор­лық-зомбы­лық­қа та­бы­ну­ды, сон­дай-ақ пор­но­гра­фи­я­ны на­си­хат­та­у­ға неме­се үгіт­те­у­ге ба­ғыт­та­луы;
4) про­кат­та­луы шек­те­улі фильм­дер­ді қо­с­па­ған­да, қа­зақ ті­лін­де жа­сал­ма­ған фильм­ге дуб­ляж жа­сал­ма­ған не суб­титр­лен­бе­ген не қа­зақ ті­ліне кадр сыр­тын­да­ғы аудар­ма­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­уі;
5) про­кат­та­луы шек­те­улі фильм­дер­ді қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да шы­ға­ры­л­ған фильм­де қа­зақ ті­лі­мен қа­тар бас­қа да тіл­дер қол­да­ны­л­ған жағ­дай­да, оны про­кат­та­уды және көр­се­ту­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де бас­қа тіл­дер­де­гі мәтін қа­зақ ті­лін­де суб­титр­мен не кадр сыр­тын­да­ғы аудар­ма­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­уі.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі жө­нін­де­гі ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​mcs.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

3 Фильмге прокаттау куәлігі

Фильмге прокаттау
куәлігін беру Қағидаларына
3-қосымша
нысан
Фильмге прокаттау куәлігі
Фильмнің атауы:
_________________________________________________________________________
Өндіруші ел:
__________________________________________________________________________
Өндіруші cтудия:
__________________________________________________________________________
Өндіріс жылы:
__________________________________________________________________________
Фильмнің форматы:
___________________________________________________________________________
Фильмнің хронометражы:
___________________________________________________________________________
Сценарий авторы (лары) :
___________________________________________________________________________
Қоюшы режиссер (лер):
___________________________________________________________________________
Қоюшы оператор(лар):
___________________________________________________________________________
Қоюшы суретші (лер):
___________________________________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы (лары):
___________________________________________________________________________
Продюсер (лер):
___________________________________________________________________________
Фильм серияларының саны:
___________________________________________________________________________
Фильмнің жанры:
___________________________________________________________________________
Фильм тілі:
____________________________________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы
(прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге
асырылатын фильмдерді қоспағанда):
____________________________________________________________________________
Түрі:
_____________________________________________________________________________
Фильмге құқық ________________ тиесілі:
_____________________________________________________________________________
Фильмді пайдалану құқығының санаты:
________________________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: _________ бастап, дейін:______
Жас санаты
белгісі:______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі және аты-жөні)
Уәкілетті тұлғаның электрондық қолы
_____________________________________________________________________________

Қолданыстағы