О признании утратившим силу совместного приказа исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 205 и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 июня 2019 года № 368 «Об утверждении Правил стимулирования производства в Республике Казахстан кабельно-проводниковой продукции: экологически безопасной (негорючей и (или) с пониженной пожароопасностью и малым дымо- и газовыделением); отходы которой являются перерабатываемыми на терр
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу совместного приказа исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 205 и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 июня 2019 года № 368 «Об утверждении Правил стимулирования производства в Республике Казахстан кабельно-проводниковой продукции: экологически безопасной (негорючей и (или) с пониженной пожароопасностью и малым дымо- и газовыделением); отходы которой являются перерабатываемыми на терр
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйры
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 277
- Қабылданған күні
- 12.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2023 187439_660544.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033561
- ЭКБ идентификаторы
- 187439
- Редакция идентификаторы
- 187439_660544
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:22
0
«Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйрығы және «Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы
18 мамырдағы №147 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 268 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мынадай:
1
1) «Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы №368 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18822 болып тіркелген);
2
2) «Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін); қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін болып табылатын кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 3 маусымдағы № 205 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 368 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 18 мамырдағы №147 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 268 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22878 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі