Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 3 сентября 2019 года № 319 «Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қаулы · № 166 · қабылданған 26.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-319-ekb-168446/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 3 сентября 2019 года № 319 «Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность» Қолданыста Қаулы ·№ 166 ·26.05.2022
26.05.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 3 сентября 2019 года № 319 «Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қолданыста Қаулы ·№ 166 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 3 сентября 2019 года № 319 «Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 319 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
166
Қабылданған күні
26.05.2022
Көрсетілген редакция
26.05.2022 168446_576992.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22ME028330
ЭКБ идентификаторы
168446
Редакция идентификаторы
168446_576992
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:43

0 Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 319 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 319 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларында:
1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), «Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.»;
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қараусыз қалған жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру»;
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану»;
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару»;
6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Қорытынды ережелер».

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы