Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области»

Өзге акт · № 43/256 · қабылданған 18.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2019-no-38219-ekb-136413/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области» Күшін жойған Өзге акт ·№ 43/256 ·18.11.2019
01.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 43/256 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
43/256
Қабылданған күні
18.11.2019
Көрсетілген редакция
01.02.2021 136413_524452.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SF005686
ЭКБ идентификаторы
136413
Редакция идентификаторы
136413_524452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:49

0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешіміне (2019 жылғы 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5343 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген Шешімнің 1- қосымшасында:
1- тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

1 «1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;»;

3- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

3

«3. Тұрғын үй көмегі Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
4- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

4 «4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;

8-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша жүргізіледі.»;
1- тармақтың 3) тармақшасы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы