О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 апреля 2019 года № 38/219 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Есильском районе Северо-Казахстанской области»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47/296
- Қабылданған күні
- 03.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2021 141340_524456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SF006177
- ЭКБ идентификаторы
- 141340
- Редакция идентификаторы
- 141340_524456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:15
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 38/219 шешіміне (2019 жылғы 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5343 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыдағы көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген Шешімнің 1- қосымшасында:
1- тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
1
«1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Есіл ауданы аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1 1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2 2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
3 3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстардың, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерінің, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.».
2 2. Осы шешім оның алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа
енгізіледі.