О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 сентября 2019 года № 693 «Об утверждении Правил создания и функционирования малых индустриальных зон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 сентября 2019 года № 693 «Об утверждении Правил создания и функционирования малых индустриальных зон»
- Атауы (қаз.)
- «Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 226
- Қабылданған күні
- 24.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2025 211801_770785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036365
- ЭКБ идентификаторы
- 211801
- Редакция идентификаторы
- 211801_770785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:43
0 «Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19355 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін.
Бұл ретте өтініш берушілермен 2025 жылға дейін жасалған қарыз шарттары бойынша қаржыландыру мерзімі – 15 жылға дейін;»;
28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін.
Бұл ретте өтініш берушілермен 2025 жылға дейін жасалған қарыз шарттары бойынша қаржыландыру мерзімі – 15 жылға дейін;»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Шағын өнеркәсіптік аймақты жалдау ақысының құнын комиссия 28-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарттық міндеттемелер мерзіміне айқындайды, ол кредитор алдындағы шығыстарды жабу және шағын өнеркәсіптік аймаққа қызмет көрсету үшін жеткілікті болуға тиіс.».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі