О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима села имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза от 3 февраля 2020 года № 1-05/7 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Сахатайн Хошут» села имени академика Алькея Маргулана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима села имени академика Алькея Маргулана города Экибастуза от 3 февраля 2020 года № 1-05/7 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Сахатайн Хошут» села имени академика Алькея Маргулана»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы «Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының «Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-05/7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-05/26
- Қабылданған күні
- 19.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2020 147772_487791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PCK06991
- ЭКБ идентификаторы
- 147772
- Редакция идентификаторы
- 147772_487791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:15
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Екібастұз қаласы академик
Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы
«Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының
«Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-05/7 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 2-04/90 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылында орналасқан «Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы әкімінің 2020 жылғы 3 ақпандағы «Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының «Сахатайн Хошут» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-05/7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6725 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Екібастұз
қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Т. Жакенов
2020 жылғы 16 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
Павлодар облысының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау
департаментінің Екібастұз қалалық
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
_________________ Б. Тогаева
2020 жылғы 16 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ Е. Уразалимов
2020 жылғы 16 қазан