О внесении изменения в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 125 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 22 «Об установлении предельных цен на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа для заправки автотранспорта на автогазозаправочных станциях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 125 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 22 «Об установлении предельных цен на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа для заправки автотранспорта на автогазозаправочных станциях»
- Атауы (қаз.)
- «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 23.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2021 153048_511011.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022251
- ЭКБ идентификаторы
- 153048
- Редакция идентификаторы
- 153048_511011
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:27
0
«Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 125 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20293 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 7 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі