О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 «Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 «Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 349
- Қабылданған күні
- 27.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2023 183480_641684.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23O0000349
- ЭКБ идентификаторы
- 183480
- Редакция идентификаторы
- 183480_641684
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:11
0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы
3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Орталықтың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000 индексі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын алабы, Алпамыс батыр көшесі, 23/1.».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медициналық орталығы (Астана қаласы) мемлекеттік мекемесі сенiп тапсырылған мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.