О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 «Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 «Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің Жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 264
- Қабылданған күні
- 10.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2024 198622_709249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24O0000264
- ЭКБ идентификаторы
- 198622
- Редакция идентификаторы
- 198622_709249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:37
0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
мемлекеттік мекемелерінің Жарғыларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы
3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің Жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Жарғысы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медициналық орталығы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі сенiп тапсырылған мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
1 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
2020 жылғы «03» қарашада
№ 17 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
2024 жылғы «__» __________
№ __ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің
(Астана қаласы) жарғысы
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы)» (бұдан әрі - Орталық) заңды тұлға мәртебесі бар мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2 2. Мемлекеттік мекеме түрі: республикалық.
3
3. Орталық «Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысына сәйкес құрылды.
4 4. Орталықтың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
5 5. Орталықтың мемлекеттік басқару органы, сондай ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) болып табылады.
6 6. Орталықтың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (Астана қаласы).
7 7. Орталықтың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000 индексі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын алабы, Алпамыс батыр көшесі, 23/1.
2 2-тарау. Орталықтың заңдық мәртебесі
8 8. Орталық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді.
9 9. Орталықтың заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде есепшоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауымен бланкілері, мөрлері және мөртабаны, мекеменің рәмізі, арнайы нысаны, шевроны және оның қызметі үшін қажетті басқа да реквизиттері бар.
10 10. Орталық белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелену, пайдалану, өкімдік ету құқықтары берілген мекемелерді қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11 11. Орталық филиалдарды құра алады.
12 12. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталықта ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті Қазақстан Республикасының Үкіметі алады.
13 13. Орталықтың жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелуге жатады.
Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі заңнамаға сәйкес оны ұстауға бекітілген смета шегінде басталады.
3 3-тарау. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
14 14. Орталық қызметінің мәні Орталық бөлімшелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында (бұдан әрі - ТЖ) зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар ұйымдастыру болып табылады.
15 15. Орталықтың мақсаты ТЖ және жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын жүзеге асыру арқылы адам шығынын азайту болып табылады.
4 4-тарау. Орталықтың құқықтары мен міндеттері
16 16. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Орталық (және оның филиалдары) төмендегі қызмет түрлерін іске асырады:
1 1) кезекшілік-диспетчерлік қызметін тәулік бойы қызметін құрады, ұстайды және қамтамасыз етеді;
2
2) Министрліктің аумақтық органдарының дағдарыс жағдайларында басқару басқармаларының кезекшілік-диспетчерлік қызметтерімен, құтқару қызметтерімен, ТЖ Министрліктің аумақтық органдарының стационарлық және жылжымалы байланыс пункттерін орналастыру кезінде байланысты және тұрақты ақпаратпен алмасуды орнатады;
3 3) ТЖ медициналық-санитарлық салдарының қаупі және (немесе) оның туындауы туралы ақпаратты жинайды, тіркейді; оны өңдеуді, анықтығын тексеруді жүзеге асырады, жетіспейтін немесе нақтылауды қажет ететін мәліметтерді сұрастырады;
4 4) ТЖ медициналық-санитарлық салдарларын жою кезінде медициналық қамтамасыз ету күштерінің және құралдарының өзара іс-қимылы бойынша республикалық, жергілікті және ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарына ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
5 5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң басшылығына ТЖ туындау қаупi және (немесе) қатері кезде шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
6 6) ТЖ медициналық-санитарлық салдарларын оқшаулау бойынша іс-шараларды жоспарлау және уақытылы нақтылауға және ТЖ медициналық-санитарлық салдарларын жоюға қатысады;
7 7) ТЖ медициналық-санитарлық салдарын жою мәселелері бойынша авариялық - құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8
8) ТЖ кезінде шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету күштері мен құралдарын құрады, әзірлікте ұстайды және жұмысын қамтамасыз етеді, осы мақсатта Орталық құралымдарының далалық жағдайда жұмыстарын қамтамасыз ету үшін арнайы медициналық және басқа да техниканы, аппараттар мен жабдықтарды, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, байланыс құралдарын, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жедел қорларын, жеке жабдықтар, Орталық құралымдары қызметкерлерінің қорғаныш құралдары мен арнайы киімдерін, жиһаз және басқа да мүліктерін қолдануға және пайдалануға дайындықта ұстайды және қолдайды;
9
9) ТЖ сипаты мен ауқымына қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрімен, Министрліктің аумақтық органдарының бастықтарымен бекіткен өзара іс-қимыл жасау жоспарлары бойынша және де тікелей Орталық басшысымен регламентке сәйкес Орталық филиалдарының қосымша күштері мен құралдары тартылады;
10
10) Апаттар медицинасы мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік әзірлемелерге қатысады, сондай-ақ Орталықтың және оның филиалдарының басқару мен қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, Орталықтың және оның филиалдарының медициналық персоналы кәсіби даярлығын ұйымдастырады және әдістемелік басшылық жасайды, ТЖ дәрігерге дейінгі және психологиялық көмек көрсету мәселесі бойынша құтқарушыларды және әртүрлі санаттағы халықты даярлауға қатысады, соның ішінде ТЖ медициналық-санитарлық салдарларының алдын алу және жою, Орталықтың және оның филиалдарының қызметін жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
11 11) ТЖ медициналық-санитарлық салдарлары туралы ақпараттарды жинауды, тіркеу және сақталуын жүргізеді, олардың өңделуін, ықтимал медициналық-санитарлық жағдайларға ретроспективті талдау жасауды жүзеге асырады;
12 12) ТЖ медициналық-санитарлық салдарларының алдын алу және жою мәселелерін шешуге, Орталықтың және оның филиалдарының қызметін жетілдіруге бағытталған құтқарушылар мен әртүрлі санаттағы халықтың ТЖ кезінде дәрігерге дейінгі және психологиялық көмек көрсету мәселелерін де дайындауға қатысады;
13 13) құтқарушылар мәртебесін беру үшін Орталық және оның филиалдарының қызметкерлеріне, трассалық медициналық-құтқару пунктердің (бұдан әрі - ТМҚП) қызметкерлерін қоса, аттестациялауға қатысады және өткізеді;
14
14) авариялық - құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетеді және Орталық, филиал және оның ТМҚП қызметкерлеріне күнделікті қызмет жағдайында қолдау көрсетеді, соның ішінде аталған санаттағы тұлғалар қатарынан зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетеді;