Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-177/2020 «Об утверждении правил выдачи заключений (разрешительных документов) на ввоз на территорию Республики Казахстан из государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза, и вывоз с территории Республики Казахстан в эти государства образцов биологических материалов человека, гемопоэтических стволовых клеток, костного мозга, донорских лимфоцитов в целях проведения неродс

Бұйрық · № ҚР ДСМ-126 · қабылданған 07.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2020-no-1772020-ekb-161445/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-177/2020 «Об утверждении правил выдачи заключений (разрешительных документов) на ввоз на территорию Республики Казахстан из государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза, и вывоз с территории Республики Казахстан в эти государства образцов биологических материалов человека, гемопоэтических стволовых клеток, костного мозга, донорских лимфоцитов в целях проведения неродс Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-126 ·07.12.2021
07.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-177/2020 «Об утверждении правил выдачи заключений (разрешительных документов) на ввоз на территорию Республики Казахстан из государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза, и вывоз с территории Республики Казахстан в эти государства образцов биологических материалов человека, гемопоэтических стволовых клеток, костного мозга, донорских лимфоцитов в целях проведения неродс

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-126 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-177/2020 «Об утверждении правил выдачи заключений (разрешительных документов) на ввоз на территорию Республики Казахстан из государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза, и вывоз с территории Республики Казахстан в эти государства образцов биологических материалов человека, гемопоэтических стволовых клеток, костного мозга, донорских лимфоцитов в целях проведения неродс
Атауы (қаз.)
«Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрін
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-126
Қабылданған күні
07.12.2021
Көрсетілген редакция
07.12.2021 161445_550696.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025693
ЭКБ идентификаторы
161445
Редакция идентификаторы
161445_550696
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:19

0

«Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21592 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-126 бұйрығына
қосымша
Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) адамның тіршілік ету өнімдері – адам организмінің ішкі ортасына немесе сыртқы ортаға бөлетін биологиялық заттары;

2

2) биологиялық материалдар - физиологиялық және патологиялық сұйықтықтардың, тіндердің, адам өмірінің секрециялары мен өнімдерінің үлгілері, оларға мыналар жатады: амниотикалық сұйықтық, ірің, қан, лимфа, қақырық, уыз, зәр, простата безінің секрециясы, шырышты қабықтың шырышты қабаты, синовиальды сұйықтық, ұрық, жұлын сұйықтығы, тіндік сұйықтық, плевралық сұйықтық, мұрын шырышы, тер, трансудат, құлақ күкірті, экссудат, биопсиялық материал, гистологиялық бөлімдер, жағындылар, қырындылар, жуғыштар, патологиялық бөлінулер, қырындылар, құпия, физиологиялық бөлінулер, шаю, тін, сондай - ақ дезоксирибонуклеин қышқылының үлгілері (бұдан әрі-ДНҚ);

3 3) гемопоэздік дің жасушалары - полипотенттілігі бар және сүйек кемігінде, перифериялық қан мен кіндік қанында өмір сүру процесінде болатын адамның сүйек кемігінің қан түзетін жасушалары.

4

4) донор - донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге де донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың, жыныс жасушаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

5 5) жасуша – жеке зат алмасуы бар, өзі өмір сүруге, өздігінен пайда болуға және дамуға қабілетті адам ағзасының негізгі құрылымдық-функционалдық бірлігі;

6 6) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

7

7) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құю, еркектің немесе әйелдің донорлық материалын (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізу не донордан алынған ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін), сондай-ақ жасанды ағзаларды (ағзалардың бөлігін) трансплантаттау жүргізілетін пациент;

8 8) сүйек кемігі - қан түзуді жүзеге асыратын, сүйектердің ішкі бөлігінде орналасқан және гемопоэздік дің жасушаларын, строманы және микроортаның басқа да компоненттерін қамтитын тін;

9

9) хабардар етілген келісім - адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді.

2 2-тарау. Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі

3

3. Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшада бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz өтінішті және осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес «Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8 - тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) жібереді.
Қорытынды алу үшін жеке тұлғалардың жыныстық жасушалар мен эмбриондарды, гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, өзге де мәліметтерді қамтитын оған қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

5 5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қараудың және қорытындыны (рұқсат беру құжатын) берудің жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

7

7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетінің толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде одан әрі өтінішті (еркін нысанда) қарауда дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетке» жібереді.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қорытынды беру (рұқсат беру құжаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы бір рет өткізуге беріледі.

9 9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізеді.

Деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу автоматтандырылған.

10 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімін қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1 Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін өтініш

Туыстық емес трансплантаттауды
жүргізу мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді, жыныстық
жасушалар мен эмбриондарды
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын)
беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық
материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін
өтініш
_____________________________________________________________________________________________
(импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)
___________________(күні) № _______ келісімшартқа сәйкес
туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарын гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін донорлық лимфоциттерді Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге
(әкетуге) рұқсат беруді сұрайды
______________________________________________________________________________________________
(тасымалданатын материалдың атауы, саны)
______________________________________________________________________________________________
(әкелудің/әкетудің нақты мақсатын көрсету)
Алушы/жөнелтуші _________________________________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, елі)
* Ескертпе: материалдарды тасымалдау кезінде ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары
сақталатынына кепілдік береді
_______________________________________________________________________________________________
Тағайындалатын/жөнелтілген елі___________________________________
Мынадай құжаттар қоса беріледі:
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(ұйым басшысы лауазымының атауы)
___________________________________ ____________
(тегі, аты-жөне, әкесінің аты) (бар болса)) (қолы)

2 «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Туыстық емес трансплантаттауды
жүргізу мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді, жыныстық
жасушалар мен эмбриондарды
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып табылмайтын
мемлекеттерден Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
мемлекеттерге әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын)
беру қағидаларына
2-қосымша
нысан
«Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық
материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер (кө­мек) көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­ның аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«www.​egov.​kz», «www.​eli​cens​e.​kz» «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1 (бір) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Туы­стық емес транс­план­тат­та­уды жүр­гі­зу мақ­са­тын­да адам­ның био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­ры­ның үл­гі­ле­рін, ге­мо­по­эз­дік дің жа­су­ша­ла­рын, сүй­ек ке­мі­гін, до­нор­лық лим­фо­цит­тер­ді, жы­ны­стық жа­су­ша­лар мен эм­бри­он­дар­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше бо­лып та­был­май­тын мем­ле­кет­тер­ден Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу­ге және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан осы мем­ле­кет­тер­ге әке­ту­ге қо­ры­тын­ды (рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры) неме­се ер­кін ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1. Туы­стық емес транс­плант­та­уды жүр­гі­зу мақ­са­тын­да ге­мо­по­эз­дік дің жа­су­ша­ла­рын (сүй­ек ке­мі­гін), до­нор­лық лим­фо­цит­тер­ді әке­лу­ге не әке­ту­ге қо­ры­тын­ды (рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын) алу үшін «транс­план­то­ло­гия» және (неме­се) «ге­ма­то­ло­гия» ма­манды­ғы бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­сы бар ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
до­нор мен ре­ци­пи­ент­тің ақ­па­рат­тан­ды­ры­л­ған ке­лі­сі­мі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­те оты­рып, ре­ци­пи­ент­ке до­нор­дан ге­мо­по­эз­дік дің жа­су­ша­ла­рын (сүй­ек ке­мі­гін), до­нор­лық лим­фо­цит­тер­ді туы­с­тас емес транс­плант­та­уды жүр­гі­зу жос­пар­ла­нып отыр­ған ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­нан рас­тау (ер­кін ны­сан­да).
2. Заң­ды тұл­ға жы­ны­стық жа­су­ша­лар мен эм­бри­он­дар­ды әке­лу­ге не әке­ту­ге қо­ры­тын­ды (рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын) алу үшін мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да экс­тра­кор­по­рал­дық ұрық­тан­ды­ру қа­жет болған жағ­дай­да:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
«аку­шер­лік және ги­не­ко­ло­гия» және (неме­се) «уро­ло­гия» ма­манды­ғы бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­сы бар ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­нан рас­тау (ер­кін ны­сан­да);
2) қа­жет болған жағ­дай­да ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
3) бір­лес­кен ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
ма­те­ри­ал­дар­ды (жы­ныс жа­су­ша­ла­ры, эм­бри­он­дар) қа­был­дай­тын неме­се жі­бе­ре­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның ғы­лы­ми қыз­мет­пен ай­на­лы­са­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) қа­жет болған жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­ра­тын до­нор­ды, ше­тел­де тұ­ра­тын ре­ци­пи­ент­ті экс­тра­кор­по­рал­дық ұрық­тан­ды­ру­ды жүр­гі­зу:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
экс­тро­кор­по­рал­дық ұрық­тан­ды­ру­ды жүр­гі­зе­тін және «аку­шер­лік және ги­не­ко­ло­гия» және (неме­се) «уро­ло­гия» ма­манды­ғы бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­сы бар ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­нан рас­тау (ер­кін ны­сан­да).
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
3. Адам­ның био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­да­ры­ның үл­гі­ле­рін әке­лу­ге не әке­ту­ге қо­ры­тын­ды (рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын) алу үшін заң­ды тұл­ға мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
1) қа­жет болған жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­дың үл­гі­ле­рін қа­был­дай­тын және ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту жос­пар­ла­нып отыр­ған ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның рас­та­уы (ер­кін ны­сан­да);
2) қа­жет болған жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
3) бір­лес­кен ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды қа­был­дай­тын неме­се жі­бе­ре­тін заң­ды тұл­ға­ның ғы­лы­ми қыз­мет­пен ай­на­лы­са­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) қа­жет болған жағ­дай­да ше­тел­де тұ­ра­тын до­нор мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ра­тын ре­ци­пи­ент­тің тін­дік үй­ле­сім­ді­лі­гін рас­тау үшін HLA жүй­е­сі бой­ын­ша зерт­ха­на­лық зерт­те­улер жүр­гі­зу, сон­дай-ақ ге­мо­по­эз­дік дің жа­су­ша­ла­рын транс­плант­тау шең­бе­рін­де ре­ци­пи­ент­тің им­мун­дық сти­му­ля­ци­я­сын жүр­гі­зу:
осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­дың үл­гі­ле­рін жі­бе­ре­тін және (неме­се) қа­был­дай­тын ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­нан рас­тау (ер­кін ны­сан­да).
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден, «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен не «ақ­па­рат­тық жүй­е­ден» «elicense.kz» мә­лі­мет­тер ала­ды:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар ту­ра­лы;
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ли­цен­зи­я­ның және «транс­план­то­ло­гия», «ге­ма­то­ло­гия», «аку­шер­лік және ги­не­ко­ло­гия», «уро­ло­гия» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның бар/жо­ғы ту­ра­лы;
мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы (егер заң­ды тұл­ға ре­зи­дент бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да).
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар па­ке­тін то­лық ұсын­ба­уы;
2) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­мы негі­зін­де сот өті­ніш бе­ру­ші-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты, сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы оның негі­зін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
2. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің kmfk@​dsm.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі-1414, 8-800-080-7777.

3 Туыстық емес жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

Туыстық емес трансплантаттауды
жүргізу мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді,
жыныстық жасушалар мен
эмбриондарды Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
болып табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан
осы мемлекеттерге әкетуге
қорытындылар (рұқсат беру
құжаттарын) беру қағидаларына
3-қосымша
нысан
Туыстық емес жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)
20 /_____/____№ ____/ жылы күні айы
_______________________________________________________________________
(Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)
________________________________________________________________ берілді
(елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)
Өткізу түрі______________________________________________________________
__________________________________/ /______________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі) (КО СЭҚ ТН коды)
Тауардың атауы
Саны
Өлшем бірлігі
Алушы/жөнелтуші*____________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, елі)
Тағайындалатын/ жөнелтілген елі*__________________________________
Импорттаушы ел________________________________________________
Экспорттаушы ел _______________________________________________
Әкелу/әкету мақсаты _____________________________________________
Уақытша әкелу (әкету) мерзімі ___________________________________
Негіздеме:______________________________________________________
Қосымша ақпарат ______________________________________________
Транзит елі ____________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Қолы _________________ Күні __________
Қорытынды __________________ дейін жарамды
МО
________________________________
(лауазымы) (Тегі, аты-жөні, әкесәнің аты (бар болса))
<*> тауарлар санаттарына қойылатын талаптар ескеріле отырып, толтырылады

Қолданыстағы