Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-230/2020 «Об утверждении правил организации и проведения внутренней и внешней экспертиз качества медицинских услуг (помощи)»

Бұйрық · № 79 · қабылданған 08.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2020-no-2302020-ekb-201567/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-230/2020 «Об утверждении правил организации и проведения внутренней и внешней экспертиз качества медицинских услуг (помощи)» Қолданыста Бұйрық ·№ 79 ·08.10.2024
08.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-230/2020 «Об утверждении правил организации и проведения внутренней и внешней экспертиз качества медицинских услуг (помощи)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 79 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-230/2020 «Об утверждении правил организации и проведения внутренней и внешней экспертиз качества медицинских услуг (помощи)»
Атауы (қаз.)
«Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
08.10.2024
Көрсетілген редакция
08.10.2024 201567_723203.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035241
ЭКБ идентификаторы
201567
Редакция идентификаторы
201567_723203
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:18

0 «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«19. Қызмет ішкі сараптама үшін комиссия құра отырып, көрсетілген медициналық көмек мәселелері бойынша пациенттердің өтініштерін қарайды. Бұл ретте өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, шағым жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Комиссияға мынадай құжаттардың көшірмелері (қолма-қол қағаз нұсқада және (немесе) электрондық нұсқада) ұсынылады:
1) пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің өтініші;
2) осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің Кодекстің 58-бабының 2) тармақшасына және 60-бабының 3-тармағына сәйкес дербес медициналық деректерді жинауға және өңдеуге және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі;
3) пациенттің ауру тарихы;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес медициналық есепке алу құжаттамасының нысаны бойынша медициналық құжаттама;
5) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама (олар болған кезде);
6) қайтыс болу себебі және аурудың диагнозы туралы патологиялық-анатомиялық қорытынды (олар болған кезде);
7) патологиялық-анатомиялық диагностика (макроскопиялық зерттеулер, микроскопиялық зерттеулер) зерттеулерінің нәтижелері (олар болған кезде);
8) мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы (олар болған кезде);
9) пациенттің аурумен байланысты нақты шығыстарының төленгенін растайтын қаржылық құжат (олар болған кезде);
10) зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері (олар болған кезде);
11) ақылы қызметтер көрсетуге арналған құжаттар (олар болған кезде).»;
1-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

0 Дербес медициналық деректер мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 8 қазандағы
№ 79 бұйрығына
қосымша
Медициналық көрсетілетін
қызметтер (көмек) сапасына
ішкі және сыртқы
сараптамаларды ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
1-1-қосымша
Дербес медициналық деректер мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
Мен ____________________________, ЖСН _______________, Кодекстің 58-бабының 2) тармақшасына және 60-бабының 3-тармағына сәйкес дербес медициналық деректерді жинауға және өңдеуге және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
«____»________20____жыл
_____________
(қолы)
_________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолданыстағы